«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЦИФРЛАНДЫРУ: СЕРПІНДІ ДАМУДЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ

ЦИФРЛАНДЫРУ: СЕРПІНДІ ДАМУДЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізінде қазір ауыл шаруашылығын жаппай цифрландыру біртіндеп жүзеге асып келеді. Оның ішінде, аталған секторды жаңа технологияға негіздеу мақсаты тұр. Өйткені экономиканың тірегі саналатын агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру арқылы ел табысын еселей түсу – маңызды міндет. Бүгінде көптеген дамыған елдер бұл салада озық цифрлы технологияның игілігін көруде.
Бұл озық технологияның үздік үлгісін шалғайда жүрген шаруа да өз игілігіне икемдеуде. «Электрондық үкімет» порталы арқылы қажетті мемлекеттік құжаттарына қол жеткізіп, шаруасын дөңгелетуде. Бұдан бөлек аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде арнайы «Өзіне-өзі қызмет көрсету» кабинеті жұмыс жасап тұр. Мұнда серіктестік пен қожалық төрағалары сала мамандарынан кеңесін алып, өзінің «электронды қолтаңбасымен» өтінім бере алады. Жоғары жылдамдықты ғаламтор, компьютермен қамтамасыз етілген бөлме шаруа қауымға тиімді. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Серік Сейдуалиевтің айтуынша, жыл басынан бері «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бөлмесінде «Электронды Үкімет» порталы арқылы 136 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, мемлекеттік корпорациямен 63 қызмет түрі көрсетілген. Бұлда болса, тұрғындар тарапынан белсенділік басым деген сөз. Шаруа қожалық иелері көбіне «Электронды Үкімет», «Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайты»,  Elicense.kz порталын жиі пайдаланған. Сондай-ақ министрліктің ресми сайты жанынан Qoldau.kz Бизнеске арналған цифралық платформасы да жұмыс жасап тұр. Бұл қосымшада шаруаға қажетті «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген дизель жанармай үлестіру», «Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімі», «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша электрондық жоспарлар», «АӨК субьектілерінің электрондық картасы» сынды медиа-ресурстар орналасқан. Оның ішінде қажетті мемлекеттік құжатына электронды түрде өтінім бере алады. Одан бөлек Qoldau.kz қосымшасында сан түрлі қызмет түрлері де бар. Яғни, «Сақтандыру өнімдері», «Геоақпараттық портал», «Көліктің серіктік мониторингісі», «Сауда алаңы», «Ауа райы қызметі», «Көлік логистикасы» секілді диқаншы қауым мен шаруа үшін қолжетімді ресурстар жасақталған. Түптеп келгенде, мұның бәрі ауылшаруашылығы саласына серпін беріп, электронды құжат айналымын оңтайландыруға мол мүмкіндігі бар.
ШЕТЕЛДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ
ТИІМДІ ТҰСЫ
Қазіргі қарыштап дамыған заманда «смарт» ұғымы сөздік қорға енді. Жаһан жұрты жаппай осы озық технологияға ұмтылуда. Сан салаға «смарт» ұғымын енгізіп, қырағылық пен шапшаңдыққа бейім қоғамды қалыптастыруда. Бұлда болса, бүгінгідей ғарыштық жылдамдықпен дамыған дәуірдің басты талабы. Көшке ілесу керек. Мемлекеттің де межесі сол. Елбасы Жолдауында қоғамның барлық саласын цифрландыру, заманауи техниканы ендіру жайы кеңінен айтылды.
Тұтастай төртінші жаңа буынға қадам басудың басты он тетігі аталды. Әсіресе, агроөнеркәсіп кешеніне «ақылды технологияны» енгізу мәселесі күн тәртібінде. Яғни, бағдарламалық құнды құжатта айтылғандай, егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдау, «ақылды суару», жүргізушісі жоқ техниканы пайдаланып, адами факторды азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретіні белгілі. Мәселен, табиғи-климаттық жағдайы теріскейдегі Кереку өңірінен де қатал болып табылатын Аустралияда астық дақылдарының өнімділігі бізге қарағанда 2 есе жоғары. Ал үйеңкі жапырақты Канада да өсімдік шаруашылығының өнімділігі бізден 14 есе артық. Оған қоса, жер аумағы Қазақстаннан 66 есе кіші Голландияда ауылшаруашылық өнімінің жыл сайынғы экспорты 100 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл дегеніміз бізден 50 есе көп деген сөз. Әрине шетелдік шаруалар егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдау, «ақылды суару» технологиясын өндіріске енгізген. Соның нәтижесінде өнімді мол алып, аргарлы саланың серпінді дамуына серпіліс беруде. Елімізде бұл бағытта тындырымды жұмыстар жоқ емес. Бар. Бірақ аз. Ресми мәліметке сүйенсек, республика бойынша онға жуық роботталған сүт фермасы бар екен. Олардың барлығы дезинфекциялауға, тұратын қора-жайды тазалауға, үй-жайлардағы микроклиматты  бақылауға, сиыр сүтінің құрамын анықтауға арналған ең озық технологиямен жабдықталған. Жалпы, Смарт-фермалардың жүзеге асуы; өрістердің электрондық карталары, ауа райы туралы нақты дерек, датчиктер мен сенсорлар, ғарыштық мониторинг жасауға және де малдың мониторингін жүргізуге, төрт түлікті, жылыжайды автономды басқаруға болады. Және де шығындарды онлайн тәртібінде талдауға мүмкіндік береді.
Түйіндей айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бәсекеге қабілеттілік пен еңбек өнімділігін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін дамытуға даңғыл жол ашады. Себебі бүгінгі заман – жаңалықты һәм жаңашылдықты талап етеді. Инновациялық жобаларды игілігіңе икемдей білсең, олда бір жетістік. Келешек сандық технологияның дәуірі. Оған бейімделу – бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Сондықтан да ауылшаруашылығы саласында тың технологияларды тұтыну бұл өнімділік пен уақыт тиімділігін арттырары айқын.
17 шілде 2018 ж. 903 0