№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЦИФРЛАНДЫРУ – ДАМУДЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ДАМУДЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ


Цифрландыру – жаһандық үрдіс. Бұл үрдістен бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халқының тұрмыс сапасын жақсартуды ойлаған мемлекеттердің ешбірі бас тартпайды. Қазақстан осы елдердің қатарында. Сондықтан елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізді. Аталмыш бағдарлама цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашады.


Бұл бағытта Сыр өңірінде то­лымды істер легі жетерлік. Себебі, бүгінгі заман талабына сай әр­бір сала онлайн жүйеге көшіп, жаңашылдыққа бейімделуде. Өт­кен жылы Қызылорда облы­сында цифрландыру үдерісін қар­қынды дамыту үшін респу­бли­када алғаш болып облыс­тық санды технологиялар басқар­масын ашты. Бір жыл ішінде эко­номиканың түрлі салаларын цифр­ландыру бойынша 29 жобаны жүзеге асырып, қазіргі уақытта 52 жобамен жұмыс жасауда. Мәселен, медициналық көмектің қолжетімділік пен сапасын арттыру мақсатында үйден шықпай-ақ дә­рі­гер қабылдауына жазылуға не дәрігерді үйге шақыруға, өзге де қызмет түрлерін пайдаланатын «Дамумед» мобильді қосымшасы іске қосылды.
Оған қоса, ата-аналар үшін балалардың балабақшаға қабыл­дау кезегін бақылап отырған «электронды балабақша» автомат­ты жүйесі іске қосылды. Бұл да болса, кабинет жағалап, табаны тозатын тұрғындар үшін таптырмас платформа. Сондай-ақ елімізде тұңғыш болып іске қосылған біре­гей жоба – «112 Бірыңғай ке­зек­­ші диспетчерлік қызметі». Яғни, барлық 101, 102, 103, 104, 112 төтенше қоңыраулары 112 нөміріне қабылданады. Яғни, өңір­дің кез келген тұрғыны бір қоңырау арқылы қажетті қыз­меттерге дабыл қағуына мүмкіндік ашылды. Бұл да болса, жеделдікке бағытталған санды технологияның жемісі.
Биылғы жылы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың іс-қи­мыл жоспарына сай қоғамдық көліктерде билет берудің элек­тронды жүйесін енгізу, Қызылорда қаласы бойынша интеллектуалды жылдамдық өлшеу құралы мен бейнекамералар орнату жос­пар­ланған. Одан бөлек, білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелеріндегі бос орын­дар­ға маман іріктеу кезінде сыбайластыққа жол бермеу мақ­сатында педагогтармен қыз­мет­керлердің біліктілік талап­тарына сәйкестігін өздігінен тесті­леу және іріктеу арқылы таңдау жүйесін енгізу жобалары жүзеге асатыны белгілі.
Цифрландырудың мұндай игі­­лік­терін жаңақорғандық тұр­ғын­дар да сезініп келеді. Мыса­лы, «Дамумед» мобильді қосым­шасының мүмкіндігін аудан хал­қы жақсы игеріп алған. Соны­мен қатар, денсаулық сақтау сала­сындағы қызмет көрсетудің сапа­сын арттыру мақсатында Ұлт­тық телемедицина желісі іске қосылған. Санды технологияның бұл жемісін аудан тұрғындары да пайдалануда.
Жаңашыл жүйе арқылы елдегі 204 денсаулық сақтау объектісі біріктіліріп, оның көмегімен аудандық деңгейдегі медицина қызметкерлері облыстық және республикалық ауруханалар мен орталықтардағы әріптестерімен онлайн жүйеде тәжірибе алмасып, кеңестер алады. Бір ғана мысал. 2018 жылы ауданда 136 телеконференция, 123 телеконсультация өкізілген. Нәтижесінде 14 науқасты облысқа ауыстырып, телемедициналық жүйенің көмегімен 90 процентке жуық пациентке ем тағайындалған.
Тағы бір айта кетерлігі, артық қағазбастылықтан арылып, уақыт пен жүйкеңізді үнемдейтін Egov платформасының мобильді нұсқасын жаңақорғандықтар да белсенді қолдануда. Мәселен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұсынған деректерге сүйенсек, Egov мобильді қосымшасының көмегімен 9 201 076 қызмет көрсетілсе, 2018 жылдың 1 қаңтары мен 17 маусым аралығында 1,5 миллион адам осы қызмет түріне жүгінген. Мұның ішінде, аудан тұрғындарының үлес салмағы басым. Бұл жөнінде бізге аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мекемесінен Қуаныш Мәуленов мәлімдеді. Оның айтуынша, электронды қызметке жүгінетін тұрғындар саны артып келеді екен.
– Мемлекеттік қызметтер халық тұтынатын басты қызмет болғандықтан, оның халыққа қолжетімді әрі жылдам атқарылуы маңызды. Тұңғыш Прзиденттің «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде іске асып жатқан Электронды үкімет жобасының да көздейтіні осы. Айрықша атап өтерлік тағы бір бір тың жоба – @EgovKzBot телеграмм-боты. Енді осы бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды. Яғни, туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және баланы балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті. Бір артықшылығы барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау тетігі қарастырылған, – дейді Қуаныш Мәуленов.
Иә, электронды үкімет – цифрландыру терминінің күнделікті тұрмысқа дендеп енуімен бірге келген жаңа үрдіс. Ол мемлекет пен халықтың виртуалды байланысын қалыптастырып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуды барынша жеңілдетуге көмектеседі. Қазір қолданысы енді ғана дағдыға айналып келе жатқан электронды сервис аз уақытта халық жиі қолданатын платформаға айналып, Қазақстанды озық отыз елдің қатарына енуін жақындата түседі.

Әбдісамат ӘБДІШ.
13 сәуір 2019 ж. 3 470 0