№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МОБИЛЬДІ ҮКІМЕТТІҢ МҮМКІНДІГІ КӨП

МОБИЛЬДІ ҮКІМЕТТІҢ МҮМКІНДІГІ КӨП

   Цифрландыру – жаһандық үрдіс. Бұл үрдіс бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды тездетеді. Шыны керек, бұқараның барлығы бірдей, цифрландырудың игілігін сезінбеуде. Себеп, ынта мен жігер төмен.

  Қарапайым ғана күніне, 10-15 мәрте үңілетін телефонды тиімді қолданудың тетігіне мән бермеуде. Мәселен, мобильді үкіметтің мүмкіндігі мол. Халыққа қызмет көрсету орталығына бара қалсаң, кезегін сарыла күткен халықты қашанда көресіз. Сұрастыра келсең, «Мекенжай туралы анықтама» алуға келген. Соғұрлым смартфонын тіміскілеп, кезегін күтеді. Ал, интернетті игілікке икемдеп, кабинет жағаламай-ақ мобильді қосымша арқылы үйде не жұмыста отырып 56 мемлекеттік қызмет түрін алуға болатынын бірі білсе, бірі білмей жатады. Танымал Telegram месенджеріне тіркелмеген жан жоқ шығар. Жоқ болса, интернетте жүктеп алыңыз. Әлгі «Ватсаптың» бір түрі ғой. Міне, осы Telegram месенджеріндегі чат-боттар арқылы онлайн қызметін түрін ала аласыз. Мұнда @EgovKzBot атты электрондық үкімет порталының пайдалы боты бар. Бот дегеніміз – робот қой. Аталмыш топқа тіркелсеңіз болғаны, түрлі қызметтер мен сервистер қолжетімді. Яғни, смс арқылы: Мекенжай анықтамасы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама секілді қажетті құжаттарды алуыңызға болады. Одан бөлек, осы бот арқылы емханаға тіркелу, дәрігер қабылдауына жазылу және үйге дәрігер шақыру мүмкіндігіне ие.
Қысқасы, артық қағазбастылықтан арылып, уақыт пен жүйкеңізді үнемдейтін Egov платформасының мобильді нұсқасы заманға сай. Мобильді үкімет қосымшасын тек смартфонмен ғана емес, өзге де гаджеттер мен планшетттер арқылы жүзеге асыруға болады. Мәселен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұсынған деректерге сүйенсек, Egov мобильді қосымшасының көмегімен 9 201 076 қызмет көрсетілсе, 2018 жылдың 1 қаңтары мен 17 маусым аралығында 1,5 миллион адам осы қызмет түріне жүгінген. Ал, бұл бағытта Жаңақорған ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын білмекке аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына бардық.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемле­кеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жаңа­қорған аудандық бөлімінің маманы Н.Алмешовтың айтуынша, есепті мерзімде 98 қызмет түрі көрсетіліп, барлық сала бойынша 123 3365 өтініш қабылданып, 123 401-і азаматтарға табысталған.
Сондай-ақ «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы арқылы 37912 азаматқа кеңес беріліп, 37912 электрондық қызметі көрсетілген. Бұл жерде тек қызмет көрсетіп қана қоймай, мамандар Электронды үкімет порталы мен мобильді қосымшаны пайдалану мүмкіндіктерін түсіндірген.
– Мемлекеттік қызметтер халық тұтынатын басты қызмет болғандықтан, оның халыққа қолжетімді әрі жылдам атқарылуы маңызды. Мемлекет басшысының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде іске асып жатқан Электронды үкімет жобасының да көздейтіні осы. Сондай тағы бір тың жоба – @EgovKzBot телеграмм-боты. Енді осы бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды. Яғни, туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және баланы балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті. Бір артықшылығы барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау тетігі қарастырылған, – дейді Жаңақорған аудандық бөлімінің маманы Н.Алмешов.
Иә, мобильді үкімет – цифрландыру терминінің күнделікті тұрмысқа дендеп енуімен бірге келген жаңа үрдіс. Ол мемлекет пен халықтың виртуалды байланысын қалыптастырып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуды барынша жеңілдетуге көмектеседі. Қазір қолданысы енді ғана дағдыға айналып келе жатқан сервистің аз уақытта халық жиі қолданатын платформаға айналуы Қазақстанда озық отыз елдің қатарына енуге жақындата түседі.

Әбдісамат ӘБДІШ.
10 қаңтар 2019 ж. 1 187 0