№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ХАЛЫҚ БАНК»: КӘСІПКЕРге ыңғайлы ма?

«ХАЛЫҚ БАНК»: КӘСІПКЕРге ыңғайлы ма?

 Елдің өсіп-өркендеуіне бағытталған басты міндеттің бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Бұл мақсатта бірқатар бағдарламалар қанат қағып, кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жандарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Кәсіпкерлікті демеуге ден қойған Жаңақорған ауданы Сыр өңірінде көш басында келеді. Жасыратыны жоқ, өз кәсібін ашқысы келетін ынталы азаматтар көбіне банк қызметіне жүгінеді. Кейде банк өкілдігінен қандай қызмет түрлері бар екенін білместен кәсібін орта жолдан тоқтатып қояды.

  Осы тұста, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалы директорының шағын және орта бизнес бойынша орынбасары Ақмарал Сыздықованы сөзге тарттық. Әңгіме барысында шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелендіруге байланысты қандай бағдарламалар бар екенін және аграрлық бизнесті несиелендіру бағыты мен ынталы кәсіпкердің кепілі жеткіліксіз болған жағдайда кредитті қалай алуға болатынын сұрадық.
  Бірінші кезекте Филиал директорының орынбасары ШОБ несиелендіруге қатысты бағдарламаларын атап өтті.
– Өздеріңізге белгілі, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ елімізде қалыптасқан, өзіндік жолы бар қаржылық институт. Бізде кәсіпкерлер қауымына көптеген қолдау шаралары қарастырылған. Әрине, бағдарламалардың барлығын атап өтпесек те, аз-кем тоқталып кетсек.
Овердрафт. Бұл – қосымша айналым қаражатына қысқа мерзімдік қажеттіліктерді өтеу үшін кепілдік қамсыздандыруды ұсынусыз берілетін кредиттер. Мұның артықшылығы; кепілсіз кредит, сыйақы мөлшерлемесінің жылдығы 13% бастап (СЖТМ 14,2 процент жылдығы), қарастырудың қысқа мерзімдері ұсынылған. Жалпы, кредиттеу мақсаты – айналым капиталын толықтыру және жалпы әкімшілік шығыстарды өтеу болып табылады, – деді Ақмарал Әлмұхамбетқызы.
Сондай-ақ ол «Халық Кәсіпкер Жеделдетілген» бағдарламасы жайлы сөз етті. Бұл – әрекеттегі кәсіп үшін бизнес мақсаттарына берілетін жедел кредит. Сыйақы мөлшерлемесінің жылдығы 16% (СЖТМ 18% жылдығы) болатын 35 млн теңгеге дейін беріледі екен. Ал, кепілдік қамсыздандыру кезінде кепілге жылжымайтын мүлік қабылданады. Инвестициялық мақсаттарға қаржыландыру кезінде клиенттің жеке қаражаттарының жобаға қатысу үлесі – 10%. Жалпы, кредит мерзімі 5 жылға дейін беріледі.
– Бұдан бөлек, «Бизнес Medium» деген әрекеттегі және бастапқы бизнес үшін берілетін әмбебап кредит түрі бар. Бұл – 3 млрд теңгеге дейін беріледі. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысқан кезде кредит бойынша мөлшерлемені төмендету және кепіл жеткіліксіз болғанда кепілдік алу мүмкіндігі бар. Несие мерзімі 7 жылға дейін.
Оған қоса, «Халық кәсіпкер» бағдарламасы – жұмыс істеп тұрған кәсіп үшін бизнес мақсаттарға берілетін әмбебап кредит. 300 миллионға дейін 7 жыл мерзімге қарастырылған. Сондай-ақ «Бизнес Депозит» бағдарламасы жұмыс жасап тұр. Мұның қаржылық қолдауы қомақты. 3 млрд теңгеге дейін 7 жыл мерзімге несиелендіреді, – деді Филиал директорының орынбасары.

СЫР КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ СЕРПІНДІ ҚОЛДАУ

Аймақ басшысының пәрменімен Сыр өңірінде үш жылдық «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» жарияланған болатын. Бұл бағытта нәтижелі жұмыстар легі жетерлік. Мәселен, Филиал директорының орынбасары Ақмарал Сыздықова «Халық Банк» АҚ-да «Даму-Сырдария» деген Қызылорда облысының ШОБ кредиттеу бағдарламасы бар екенін жеткізді. Мұның сыйақы мөлшерлемесінің жылдығы 8,5 проценттен аспайды екен. Ал, 20 млн теңгеден аспайтын сомадағы жобаларды Өңірлік үйлестіру кеңесімен келісу қажет емес екендігі белгілі болды. Десе де, бизнес-жоба Қызылорда облысының аумағында ресми түрде тіркелген болуы керек. Ал, егер жоба құны 20 млн. теңгеден жоғары 180 млн. теңгеге дейін Өңірлік үйлестіру кеңсінің шешімімен беріледі. Оған қоса, кепіл жеткіліксіз болған жағдайда кепілдік қабылдау мүмкіндігі бар. Алайда қарыз алушының жобалары Бағдарлама талаптарына сай келуі тиіс екен.
Сондай-ақ Ақмарал Әлмұхамбетқызымен тілдесу барысында Банктің ШОБ өндірістік өнеркәсіпті қолдау бағдарламасы жайлы да тоқталып кетті.
– Айта кету керек, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның шағын және орта бизнестің ішінде өндірістік өнеркәсіпті қолдау бағдарламасы зор қолдауға ие. Бағдарлама аясында 1 млрд. 850 млн. теңгеге дейін несие 120 айға дейін беріледі. Ал, сыйақы мөлшерлемесінің жылдығы 6 процент. Бұл жөнінде толық ақпаратты Банк филиалдарынан білуге болады.
Бұдан бөлек, кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету мақсатында субсидия­лау қарастырылған. Бұл «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Мұның кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін сыйақының атаулы мөлшерлемесінің 30 пайызынан бастап 50 пайызға дейін субсидия­лайды. Және де субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін, – дейді Ақмарал Сыздықова.
Сонымен қатар, банкир субсидиялаудың жалпы шарттары мен 3 түрлі бағыт бойынша субсидиялау мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Біріншіден, моноқалалардағы, шағын қалалардағы және ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің жаңа бизнес бастамаларын қолдау. Екіншіден, өз қызметін экономиканың артықшылық секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпкерлерді қолдау. Соңғысы, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету. Міне, осы үш бағытта кәсіпке қолдау көрсетеді.
Сөз арасында облыстық филиал орын­басарынан Жаңақорған атакәсіпті арқау еткен аграрлы аудан болғандықтан шаруа қауымға қандай қаржылай қолдау барын сұрадық.
– Расында Жаңақорғанда ауылшаруа­шылығы саласы жақсы дамыған. Сондықтан бұл бағытта Банктің арнайы «Аграрлық бизнесті кредиттеу» бағдарламасы бар. Бұл бойынша – дәнді дақылдар, майлы дақылдар, бұршақты дақылдар өсірумен байланысты егіншілік шаруашылығындағы кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру үшін 3 млрд. теңгеге дейін кредит беріледі. Мемлекеттік бағдарламаға қатысқан кезде кредит бойынша мөлшерлемені төмендету және кепіл жеткіліксіз болғанда кепілдік алу мүмкіндігі бар. Кредит мерзімі – 7 жылға дейін. Ал, сыйақы мөлшерлемесінің жылдығы 13 проценттен бастап басталады, – дейді Ақмарал Сыздықова.
Сөз соңында айта кететіні, елімізде «Қара­пайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлініп, басым жобаларға жеңілдетілген несие берудің бағдарламасы іске қосылғаны белгілі. «Қарапайым заттар экономикасы» негізінен 2 бағыттан тұрады. Бірінші – кәсіпкерлік субьектілеріне жеңілдетілген несие бөлу, екіншісі – жоғарыда аталған өнеркәсіп салаларын дамыту. Жеңілдетілген несие бойынша банктер кәсіпкерлерге 7 жылға 15 процентпен несие береді. Қайта өңдеу жобалары бойынша оның 7 проценті «Даму» қоры арқылы субсидияланады. Аталмыш бағдарламаны дамыту шеңберінде жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын облыста іске асыруға 7 банктің филиалы қатысатыны белгілі. Соның бірі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Бұл жөнінде Ақмарал Сыздықова «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберінде берілетін қаржыға қол жеткізу үшін толық мәліметті Банк өкілдіктерінен алуға болатынын жеткізді.

Әбдісамат ӘБДІШ.

28 мамыр 2019 ж. 1 032 0