№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЙЫМДАСТЫРА БІЛГЕН ҰТАДЫ

ҰЙЫМДАСТЫРА БІЛГЕН ҰТАДЫ

  Жаңақорғанда жас кәсіпкерлер буынын қалыптастыруға бағытталған бизнес форум өтті. Аудан әкімі Ғалым Әміреев модераторлық еткен алқалы басқосуға өңірдегі қаржылық институттар түгел қатысты. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – Бизнестің өрісті жолы» тақырыбын арқау еткен форумның мақсаты да айқын. Ол – ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру және мемлекеттік жекешелік әріптестікті дамыту.

   Бұл бизнес форумның Жаңа­қорғанда өтуі де бекер емес. Өйткені, өңір соңғы жылдары өндірісті өзіндік даму жолына түсіп, Сыр өңіріндегі аудандар арасында кәсіпкерлік саласы бойынша көш басында келеді. Әсіресе, шағын және орта бизнес құрылымдарының арасында белсенді кәсіпкерлері бойынша алдыңғы сапта. Осындай көрсеткіштерді тілге тиек еткен Ғалым Махмұтбайұлы алғашқы сөз кезегін облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фирдоуси Қожамбергеновке берді. Өз кезегінде Фирдоуси Әбілқасымұлы Қызылорда облысы бойынша жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылына байланысты атқарылған жұмыстарын баяндады.
Мұнан кейін, аудандық «Жұмыс­пен қамту орталығы» мекемесінің директоры Жаңабек Тұрлыбеков жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік гранттар жайлы хабарлама жасады. Мекеме басшысының айтуынша, өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ-бағыты бойынша жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 200 адамға гранттық негіздегі 100 АЕК көлеміндегі қаржылай қолдау берілген. Яғни, әрқайсысы 240 500 теңге болатын қайтарымсыз қаржыға қол жеткізіп, кәсібін бастаған. Жалпы, биыл «Жастар жылында» жастарға қолдау шараларын көрсету мақсатында республикалық бджеттен қосымша гранттың санын арттыруға сұраныс жібергенін мәлімдеді.

БАНКТЕР НЕ ДЕЙДІ?

   Форумның негізгі баяндамашы­лары екінші деңгейлі банк өкілдері. Олар ынталы кәсіпкерлерді бизнес-жобалары бойынша несиелендіру бойынша жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді. Бірінші болып, мінберге көтерілген «Еуразиялық банк» АҚ-ның облыстық филиалының өкілі банктің шағын және орта бизнеске қолайлы қызметтерін ұсын­ды.
– Өздеріңізге белгілі, елімізде «Қара­пайым заттар экономикасын» дамы­ту мақсатында 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлініп, басым жобаларға желдетілген несие берудің бағдар­ламасы іске қосылды, деді ол. Жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын облыста іске асыруға 7 банктің филиалы қатысатыны белгілі. Соның бірі осы – «Еуразиялық банк» өкілдігі. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 7 пайыздық субсидиялауға қол жеткізуге болады. Сондай-ақ банк өкілі өңдеуші өнеркәсіпте шағын және орта бизнесті қолдау көрсету бағдарламасы мен маман­дандырылған автокөлік алуға бағытталған «Автонесие» бағдар­ламасы жайлы түсіндірді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласына қажетті техникаларды алуға мүмкіндік мол екенін тілге тиек етті.
Баяндамашы өткен аптада аудан орталығынан «Еуразиялық банк» бөлімшесі ашылғанын айта келе, несиелендіруге қатысты сұрақтар бойынша филиал менеджерінен тікелей сұрауға болатынын мәлімдеді. Оған қоса, нақтыланған орынға ынталы кәсіпкерлер жиналса, облыс­тық өкілдіктен арнайы мамандардың көшпелі түсіндірме жұмысына келуге даяр екені белгілі болды.
«Агросамғау» ЖШС-нің жоба үйлестірушісі Ақбаян Бүркітбай аудандағы кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтармен тәжірибе алмасып, нарықтық қатынасқа сай бизнесті дамытудың жолдарын үйрететініне тоқталды.
Мұнан кейін «Сбербанк» АҚ-ның облыстық филиалының корпоративті клиенттермен жұмыс бөлімінің басшысы Серемет Қаныш банктің бизнеске қатысты мүмкіндіктерін таныстырды.
24 сағат онлайн қызмет көрсететін «Сбер­банктың» шағын және орта бизнеске қатысты 3 бағытта қаржыландыратынын сөз етті. Оның ішінде, кәсібін енді бастағандар үшін және кәсібін кеңейтетіндерді несиелендіру. Быірлескен негізде ауқымды бизнес жобаларға қолдау көрсету. Оған қоса, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қатысуға болатыны белгілі болды. 
Сондай-ақ «АТФ» банктің облыстық өкілі Жансая Алиева да отандық банктің кәсіп­керлерді несиелендіруге қатысты қызметтерін түсіндірді. 
– Біздің банктің негізгі қаржыландыру теті­гіне тоқталсақ. Бірінші, айналымдағы капиталды қаржыландыру. Екінші, сатып алынатын неме­се жаңартылатын негізгі құралдарды қаржыландыру. Үшінші, инвестициялық салым­дарды қаржыландыру, қолданыстағы бизнесті дамыту. Соңғысы, жобалық қаржыландыру. Оған қоса, «АТФБанк» АҚ корпоративтік клиенттерге субсидиялаудың мемлекеттік бағ­дар­ламаларына қатысуды ұсынады. Олар «Бизнестің жол картасы-2020» І және ІІІ бағыты бойынша. Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, және технологиялық жабдық пен ауылшаруашылық техникасына лизинг беру. «Даму өндіріс ІІ» бағыты бойынша өндіруші саланы қар­жыландырады, – деді Жансая Алиева.
Сонымен қатар, форум барысында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ өкілі мен «Халықбанк»АҚ-ның облыстық филиалы өкілі Набат Қоңырбаева және «Өңірлік инвес­тициялық орталық» ЖШС-нің өкілі Мұрат Нұғман шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағытындағы қызметтерін таныстырды. 
Алқалы басқосуда «Қазақстандық мемле­кеттік жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ жобалық кеңсе вице-президенті Талғат Бал­қияев пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Ұлжан Берікболова мемлекеттік жекеменшік әріптестік негіздері жөнінде кең түсінік берді. Баяндамашылардың сөзінше, Қызылорда облы­сы – мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойынша елдегі бес үздік аймақтың бірі. Бүгінгі таңда облыста 84 МЖӘ жобалары іске асырылуда. Басым бағыттың бірі – денсаулық сақтау саласы. Бір ғана, Жаңақорған ауданына 34 жоба ұсынылған. Қос тарапқа да тиімді деп танылған әріптестік мемлекет пен бизнестің бірлесе әрекет жасауына жол ашқан. Ел экономикасын жаңа белеске көтеруге, оны әртараптандыруға және кәсіпкерлерді бюджет­тің қарымы жете бермейтін ірі инвестиция тартуға бағытталған жобаның тиімді тұсы көп. Дамыған елдер экономикасында мемлекет пен жеке бизнестің өзара қарым-қатынасының жаңа формасы – мемлекет пен жекешелік әріптестік кең қанат жайып келеді екен. Ол әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға және жеке кәсіпкерлік нысандарын тартудың тиімді механизмі болып табылады. 
Бизнес форум соңында семинарға қатысқан 5 банктің өкілі мен өңірлік қаржыландыру институттары 3-мамыр күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында кәсіпкерлікке ынталы тұрғын­дарға «Ашық есік» күнін өткізетін болып уағдаласты. Сол жерде бизнеске қажетті қол­даудың бүге-шүгесіне дейін түсіндіретін болып тарқасты. 
Өз кезегінде аудан әкімі Ғалым Әміреев форумның қорытындысы бойынша негізгі 4 бағытта жұмыс жасау керектігін жеткізді. Бірінші, жаппай кәсіпкерлікті оқыту жүйесін жетілдіру. Екінші, қаржылай қолдау көрсетуге көмектесу. Үшінші, бизнес жүргізуде әкімшілік кедергілерді жою. Соңғысы, ақпараттандыру. Яғни, шалғай ауылдағы ағайын да банктің не мемлекеттік бағдарламаның игілігін сезініп, кәсібін бастауға қолдау табуы тиіс екендігін тілге тиек етті. Ол үшін кент, ауылдық округ әкімдері ауыл мен қаржылық институттар арасында алтын көпір болу керектігін нақты айтты.

Әбдісамат ӘБДІШ.
03 мамыр 2019 ж. 1 150 0