№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СУБСИДИЯ АЛУ: ӨЗГЕРІСТЕРІ МЕН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СУБСИДИЯ АЛУ: ӨЗГЕРІСТЕРІ МЕН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ


Ауылдағы ағайынның негізгі еңбек көзі – мал және егін шаруашылығы. Қысы-жазы төрт түлігінің қоңын қамдап, басын көбейтуді мақсат тұтқан шаруалар наурыз айында субсидия алуға құжат дайындайтыны бар. Ал, диқандар көктемгі дала жұмысына білек сыбана кірісуге дайындықты күшейтеді. Яғни, жер жырту, арық тазалау жұмыстары қыза түседі. Алайда, субсидияның жыл сайын заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар орын алады. Сол себепті субсидияға байланысты өзгерістерді білдік.

Алдымен, егін шаруашылығынан бастайық. Себебі, биыл егін шаруашылығын субсидиялау бағытында өзгерістерге байланысты қаулы шығарылған. Қазір Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 14 бағытта берілетін субсидиялар толық электронды форматқа көшті. Яғни, дала еңбеккерлері кабинет жағаламай, басшылардың есігін тоздырмайды. Енді субсидия беру үшін арнайы комиссия құрылмайды. Бұған дейін субсидияны 18 жұмыс күнінде алса, автомат-тандырылғаннан кейін 7 күнде тиісті қаржыға қол жеткізетін болады. Алайда, субсидия көлемі 2,5 есеге қысқартылады екен. Бастысы, субсидия егін көлеміне, өнімділікке емес, тұқым, гербицид және минералды тыңайтқыштарды қолдануға беріледі.
– 2017 жылғы №355 бұйрықпен тыңайт­қыштарды субсидиялау қағидасы бекітіліп, қағидаға сәйкес сатып алынған отандық және шет елдік тыңайтқыштардың құнын субсидиялау қарастырылды. Яғни, алынған тыңайтқыштардың 50 пайызы субсидияланды. Енді тұқым, гербицидті де субсидиялау жүзеге асуда. Диқандар әзірге осы бағытта жұмыс жасап жатыр, – деді аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшысының орынбасары Серік Сейдуалиев.
Айта кететіні, жылдағыдай инвестсубсидия беріледі. Яғни, ауылшаруашылық техника­ларына көмек алуға мүмкіндік мол. Маманның сөзінше, көктемгі егін науқанына трактор, соқа, тұқым сепкіш және т.б. сақадай дайын. Енді субсидия беру жайы бөлімнің құзыретіне кірмейді. Заң нормаларына сәйкес, субсидия электрондық жүйе арқылы жүзеге асады. Соның алғышарты ретінде 2017 жылы тыңайтқыштарды субсидиялау тәжірибеден өтіпті.
– Қазір шаруалар шекті бағалар шегінде минералды тыңайтқыштарды, гербицид, тұқым­дарды 50 процентпен субсидиялай алады. Қазір барлығы қолжетімді. Шаруалар үйден шықпай-ақ электронды цифрлы қолтаңба арқылы өтінім беріп, өзіне қажетті қаржыны ала алады. Ол үшін qoldau.kz сайтына кіріп, толық мәліметті білулеріне болады. Бұл сайтта барлық өзгерістер мен заңға енгізіліп жатқан жаңалықтар жазылған. Тіпті, шаруашылықтың жері қайда орналасқан, топырағының анализі туралы да мағлұматтар бар. Себебі, әрбір жердің құнарлылығы бес жылда бір тексеруден өтіп тұрады. Сондықтан, мүмкіндігінше осы сайтпен жұмыс жасауды меңгеріп алғаны абзал, – деді Серік Әбжаппарұлы.
Алдағы уақытта суды, арзандатылған дизель отынды субсидиялау электрондық форматқа көшеді. Ендеше, шаруалар электронды құжатты игіліктеріне айналдыруды игеруі тиіс. Бұл егін шаруашылығы бағытындағы жаңа жүйенің жаңалығы.
Енді мал шаруашылығына келсек, төрт түлікті асылдандыру және көбейтуге байла­нысты субсидиялауда өзгерістер жоқ. Ірі қара малдың, қой мен ешкінің, маралдың аналық басымен, төлдерінің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізуге жұмсалған шығындарды арзандатылады екен. Оның ішінде, шет елдік шаруашылықтан алынған мал басын субсидиялау да бар. Мәселен, ІМҚ-ның аналық басына – 10 000 теңге, ал асыл тұқымды бұқаларға – 20 000 теңгеден төленеді.
Шаруалар асыл тұқымды сиырларды көбейтуде сүт бағытына басымдық бергені абзал. Себебі, қазір нарық бағамында сүт өніміне деген сұраныс жоғары. Сондықтан, тәуекелге барып осы жұмысты қолға алғандар ұтылмайды. Қазір құс және балық шаруашылығына да көп көңіл бөлінуде. Оған да мемлекет тарапынан субсидия беріледі. Бірақ, жаңақорғандықтар осы балық өсіруді игілігіне толық айналдыруда белсенділігі төмен деуге болады.

P.S.: Цифрландыру ауылшаруашылығы саласына ене бастады. Сонымен қатар, сала­ға заманауи технологияны енгізуде немқұрайлы қарамауымыз тиіс. Сонда ғана, ауылшаруашылығы саласы экономиканың локомотивіне айналады.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
17 наурыз 2019 ж. 1 663 0