Елімізде азық-түлік өнімдерінің бағасы өсті
Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік субсидияны арттыра отырып, аграрлық өнеркәсіпті қолдауға қаржы институттарын тартуды арттыра бермек.
Биыл жауапты министрлік несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін көбейтіп, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қайта жандандыра бастады. Мамандардың айтуынша, бұл шаралардың нәтижесін көп күттірмеуі тиіс. Яғни шаруалардың несие алуына барынша қолайлы жағдай жасалады.
АШМ субсидиялауды автоматтандырады Агроөнеркәсіп кешенінің барлық саласын мемлекеттік қолдау шараларымен қамту мүмкін емес. Сондықтан министрлік салаға қаржы институттарын тартуды көздеп отыр. Мәселен, биыл негізгі қаражатқа берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау басталады. Бұрын мұндай шарада тек айналымдағы қаражатқа ғана берілетін. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы техникасы лизингін субсидиялау шаралары да жүзеге асырыла бастады. Нәтижесінде бүгінге дейін шаруалар 50 млрд теңгеден астам сомаға екі жарым мыңға жуық техника алды. Өткен жылы көрсеткіш шамамен 17 пайызға төмен болатын. Жалпы елімізде агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау екі есе артып, 600 млрд теңгеге жуықтады. Бұған дейін қазынадан 240 млрд теңге, жыл сайынғы бюджеттен тағы 60 млрд теңге бөлінетін. Бір жылдан кейін мал шаруашылығы мен балық шаруашылығын қаржыландыру да осы үлгіге көшеді күтілуде. Осылайша 54 субсидияның 34 түрі қалады. Сарапшылар жаңа әдіс сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі деген пікір білдірді.
www.24.kz