Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Экономиканың негізгі тірегі – мал өндірісі

Экономиканың негізгі тірегі – мал өндірісі

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды міндет. Үш жылда агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу қажет. Алдағы уақытта сүт өнімдерін шығаратын 115 ферма салынады. Олар жыл сайын 600 мың тоннаға дейін өнім беретін болады. Мұның бәрі жалаң цифр емес, бұл – нақты міндеттер. Президенттің ауылшаруашылығы саласын дамытуға берген тағы бір тапсырмасы. Яғни, Мемлекет басшысы осы саланың импортқа тәуелділігін азайту үшін ірі инвестициялық жобаларды қолға алып, отандық өнімнің көлемін арттыруды міндеттеді. Бұл Сыр елі, оның ішінде, Жаңақорған ауданына да тікелей қатысты. Өйткені, өңірдегі төрт түліктің үштен бір бөлігі біздің ауданда, сонда да малдың басын өндіріске икемдей алмаудамыз. Бүгін осы тақырып төңірегінде жан-жақты талдау жасап, мамандардың ұсыныстарын бөлісетін боламыз.
Мемлекет кешегі күнге дейін мал шаруасына көп қолдау көрсетті. Есебі жоқ субсидияны есебін тапқандар алып үлгерді. Байыса қазақ байысын дейміз, бірақ оған бақылау жасап жатқан ешкім болмады. Мал басын жыл сайын көбейтіп жатырмыз, әкімдік берген цифрларды көрсек елдің әлеуеті артып келе жатыр. Солай да шығар, бірақ, сол қолда тұрған мал басын көбейтіп, сүтін азын-аулақ тиын етеміз, негізгінен ет бағытында саудалаймыз. Басым көбінің шаруасы осы. Терісін, жүнін, басқа да қажеттіліктерді өтеуге әліміз әлі келмей жатыр. Келеді, бірақ оңай олжа табуға құмармыз. Алдымен облыстағы ахуалды аңғарып көрейік. Аймақ бойынша төрт түліктен түрлі өнім шығару жолға қойылған. Мәселен, «Aral Organic» жеке кәсіпкерлігінің иесі Арсена Кушжанова түрлі өсімдіктің қоспасынан сабын дайындайды. Кәсіпкердің өнімі көп сабынға ұқсамайды. Ол түйе, ешкі сүті, жантақ қосылған емдік қасиеті бар сабын шығаруда. Бұл сабынның түрлі тері ауруларына және терінің құрғауына қарсы емдік қасиеті бар екен. Арсенаның емдік әрі хош иісті сабыны «Қазақстанның үздік тауары-2023» өңірлік көрме-байқауында-ақ сұранысқа ие болған. Арсена Көшжанова бұрын сабынды өзіне және таныстарына дайындайтын, содан кейін хоббиді бизнеске айналдыруды шешті. Мемлекеттік қолдау аясында қолдан жасалған сабын шығаратын цех ашқан. Кәсіпті бастағанына 6 айдай уақыт болған. Қазіргі таңда сабынның 11 түрін шығарып отыр. Соның ішінде 3 сабын емдік қасиетке ие. Айтуынша, сабынның құрамында хош иістер, бояғыштар мен консерванттар жоқ, тек табиғи ингредиенттер. Судың орнына ешкі мен түйе сүтін қосады, сонымен қатар түйе тікенегі қосылған шөп сабынының рецептін ойлап тапқан. Одан бөлек, Шиелі ауданында қымыран шығаратын зауыт бар. Аралда жүннен өнім өндіру ісі қолға алынғалы жатыр. Міне, аймақтағы ауқымды жобалар осылай реттеліп келеді. Енді өзімізге келейік, біз бүгін мал өсімі мен жай-күйін, тері өндірісі, ет бағыты, сүт және құрт өндіру ісін сөз етеміз. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, аудан бойынша 25 297 жылқы, 1790 түйе, 67 421 сиыр және 266 191 қо мен ешкі басы бар. Біздің екінші бағыт тері өндірісі. Өңдеу өнеркәсібі оның ішінде кенжелеп қалған саланың бірі – ол былғары өңдеу өндірісі. Жақында «Атамекен» Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы Жаңақорған аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбеков пен өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Аблан Әсенов өңдеу саласы бойынша зерделеу жұмысын жасап, көршілес өңірлерге барып қайтты. Бұл кәсіптің болашағы мен осы бизнеспен айналысып отырған кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын тыңдап та көрген болатын.
Әлібек Жарықбаев
08 қаңтар 2024 ж. 454 0