№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкерлік – қоғамның тұрақты дамуының негізі

Кәсіпкерлік – қоғамның тұрақты дамуының негізі


– Сіздің сала басшы­лығына келгеніңізге көп уақыт өте қойған жоқ. Дегенмен, аудандағы кәсіпкерлік бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?
– Жергілікті халықтың табысын арттыруда, азаматтарды жұмыспен қамту мәселерін шешуде ауданның шағын және орта бизнесінің рөлі жоғары. Бүгінгі таңда ауданда шағын және орта кәсіпкерлік бойынша өнімдерді өңдеп өндіру саласын дамыту көзделуде. Оның ішінде пайдалы қазбалардан (қиыршық тас, жуылған құм, құм, саз, құрылысқа пайдаланатын заттар шығаруға болады. Шағын және орта кәсіпкерлік – ел экономикасын тіреп тұрар алып бағаналардың бірі. Кәсіпкерлік саласын дамытуда көптеген бағдарламалар қолға алынды. Осы бағдарламалар мен жеңілдіктердің жемісін аудан тұрғындары көруде. Ауданымыздың экономикалық даму көрсеткішінің негізгі қантамырларының бірі ауылшаруашылығы мен шағын және орта бизнес екендігі баршаға аян. Аталған салада экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың үштен бір бөлігі еңбек етуде. Сондықтанда, дәл осындай бағдарламалар аясында ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласында да бірқатар үлкен жобалар жүзеге асырылды. Бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан әртүрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалынып, қолдау тұрақты түрде көрсетілгендіктен шағын және орта бизнес жоспарлы дамуда. Қазірдің өзінде қайта оқудан өтіп, несие алып, кәсіпкерліктің тізгінін ұстауға ниет білдірушілердің саны күн санап артып келеді. Сондай-ақ, мал өнімдерін өңдеу саласын дамытуға болады. Айталық, шұжық, мұздатылған ет, ет консервілерін, сүт, қымыз, шұбат өнімдерін өңдеп шығару цехтарын салу, балық өнімдерін өңдіру сынды салаларды дамытқан жөн.
– Экономиканың маңызды саласы ретінде еліміз ауылшаруашылығын да­мытуға баса назар аударылып отыр. Біздің өңірде қандай кәсіпті дамытқан жөн?
Біздің ауданда мал шаруашылығының орны бөлек. Мал басын екі есеге көбейтіп, одан алынатын өнімнің көлемін ұлғайту көзделіп отыр. Ең негізгісі, мал басын көтеру, малдан алынатын өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады. Алдағы уақытта ауданның мал шаруашылығы әлеуетін арттыру көзделіп отыр. Ауданда жайылымдық жерлер мол. Мал шаруашылығын дамытуға жағдай бар. Кәсіпкерлік дамитын болса, жұмыс орны ашылады, өндіріс орындары ашылады. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының тек жалпы өнім беріп қана қоймай, сонымен қатар, халықты маңызды азық-түлікпен қамтамасыз ететін саласы. Бүгінде етті және сүтті тұқымды малды көбейту мемлекеттің ауылшаруашылығы саласындағы басым бағыттарының бірі болып отыр. Ол үшін «Сыбаға» сынды бағдарламалар сәтті жүзеге асуда.
– Бізге келетін жеміс-жидек, көкөністің барлығы да сырттан тасымалданады. Меніңше, өңірімізде егін шаруашылығын дамытуға барлық жағдай жасалған. Неге, жылыжайларды көптеп салмасқа?
– Кәсіпті дамытып, жер-ана ырыз¬дығын молынан пайдалануда тәуекел қадамдар қажет. Жылыжай шаруашылығы да осындай әлеуетті талап етеді. Қазіргі кезде бұл кәсіптен нәсіп көріп, шаруашылықты дамыту үшін дұрыс жер таңдап, оны өңдеуде, егіп өнім алуда жан-жақты ізденіс пен еңбекқорлық қажет. Қияр мен қызанақ, қырыққабат егіп мол өнім алып, аудан жұртын өзіміздің өніммен қамтуға кәсіпкерлер ынталы. Алдағы уақытта, кәсіпкерлердің біршамасы көкөніс өнімдерін өсіруге ден қойса тұрғындарды алыстан арбалатпай, елдегі өнім ерінге тиер еді. Бұл нарық бағамын бақылауда ұстауға әрі аудан эканомикасын көтеруге жасалған ең маңызды қадамдар болар еді.
– Ауданның әлеуетін көтеріп, эконо­микасын нығайту үшін не істеген дұрыс. Қалай ойлайсыз?
– «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз». Бұл Тұңғыш Президенттің халыққа арнаған Жолдауынан үзінді. Иә, елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамыту – агралық саясаттың маңызды бағыты. Әсіресе, отандық өнімді арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету күн тәртібінде. Дамыған елдердің көбі көкөніс өсіруге басымдық береді. Мәселен, Түркияда жылыжайдың 88 пайызында көкөніс өсіріледі. Ал қалған 10 пайызына жеміс, 2 пайызына гүл егіледі екен. Халқының саны бізбен бірдей болғанмен, жері әлдеқайда кіші Нидерландының әлемді азық-түлікпен қамтамасыз ету әлеуеті таңғалдырады. Бүгінде Нидерланды – тамақ өнімдерін экспорттау бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Олар мұндай жетістікке жету үшін барлық технологиялық процесті мұқият қадағалап отырады. Жылыжай іргетасының қадасы қағылғаннан бастап, алғашқы өнімді бергенше білікті мамандардың кеңестеріне назар аударады.
Ауданның ауыл шаруашылығы саласында ілкімді ілгерілеушілік бар. Оған қоса, жыл сайынғы Жолдау жүгі отандық өнімді бәсекеге қабілетті етіп, нарықтық экономикада өзіндік даңғыл жолын қалыптастыруда. Бір ғана, аудан орталығынан ашылған агроиндустриялық аймақтың әлеуеті зор. Ерінбей еңбек етемін деген диқаншы қауымға бұл үлкен қолдау.
Алдағы жылы да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрақты жұмыс орындарын ашу, салық түсімін молайту, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды көгілдір отынға қосу, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жастарға қолдау көрсету жұмыстары жалғасын табатын болады.
– Әңгімеңізге рахмет.

Әсел РЗАЕВА
15 маусым 2021 ж. 532 0