№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды тапсырды

Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды тапсырды

фото akorda.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің сауда саласының былтырғы даму қорытындысын, Үкіметтің бағаны тұрақтандыру және қазақстандықтарды отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы баяндады, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныс берді, деп хабарлайды akorda.kz
Серік Жұманғариннің айтуынша, 2022 жылы Қазақстандағы тауар айналымының жалпы көлемі - 134,4 миллиард долларға жеткен. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 32,1 пайызға көп. Қызмет көрсету саудасы 26,3 пайызға өсіп, 12,3 миллиард долларды құрады. Қазақстанның барлық негізгі сауда серіктесімен өзара тауар айналымында өсім байқалады. akorda.kz Өңделген өнімдер экспорты 26,5 миллиард долларды құрап, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Терең өңделген экспорт тауарларының тізімі кеңейіп, отандық тауарлар жаңа экспорт нарықтарына шықты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының отандық өндірісінің жағдайы туралы айтылды.

Қазақстан тұрғындардың қажеттілігін 19 өнім түрінің 10-ы бойынша толық, 6 өнім түрімен 80-98 пайыз және тағы үш өнім бойынша 50-ден 68 пайызға дейін қамтамасыз етеді. Импортқа тәуелділікті барынша азайту үшін алдағы уақытта өңірлерде іске асырылатын ірі агрожобалардың топтамасы жасақталады", - деді Жұманғарин.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және ауыл шаруашылығын дамыту, қосымша құны жоғары қазақстандық тауарларды экспортқа белсенді түрде шығару жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының басында Қазақстанда қарақұмық, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат және қант сияқты әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаның төмендеуі байқалды.  
17 сәуір 2023 ж. 206 0