№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУДАННЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІ АРТТЫ

АУДАННЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІ АРТТЫ


«Бес жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырамын». Бұл Президент пәрмені. Биылғы Жолдаудағы он басымдықтың бірі – экспорт әлеуетін арттыру. Яғни, Мемлекет басшысы отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуді айрықша атады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және Даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2017 жылдың қарашасына дейін Қазақстанда 2 млрд. долларға жуық 114 млн. тонна азық-түлік тауарлары экспортталған. Атап айтқанда, Ауғанстанға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Иранға, Қытайға өсімдік майы мен бал, ет және құс өнімдеріне сұраныс артқан. Оның ішінде, Жаңақорған ауданынан бір ғана «Көбелдес» шаруа қожалығы Иранға 850 бас қозы экспорттаған. Бұл жөнінде біз аталмыш қожалықтың төрағасы Нышан Молдашевтан білдік. Қожалық төрағасының сөзінше, асылтұқымды қой шаруашылығының бір артықшылығы – қазақы қойдың өсімі һәм өтімі де жақсы екен. Оған қоса, өңірде алғашқылардың бірі болып, малды қолдан ұрықтандыру әдісін қолданған. Және де қойлардың да қоңдануына аз ғана уақыт кетеді. Осылайша, асылтұқымды қой шаруашылығына ден қойған шаруа қожалық алдағы уақытта да шетел нарқына шығуды еселей түсетінін жасырмады.
Сондай-ақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен алған мәліметке сай, өткен жылы жалпы 1130 бас қозы Иран мен Біріккен Араб Әмірлігіне, 288 бас қаракөл қойы Моңғолияға экспортталған. Жайылманың бренді болған бақша өнімдері де шетел асқан. Жалпы, аудан бойынша 4854 тонна бақша өнімі экспортталса, оның 4754-і жайылмалық диқандардың қауын-қарбызы.
– Жайылма ауылы қашанда бақша және көкөніс өнімдерімен танымал. Жылдан жылға бақша дақылдарын ерте пісірудің әдісін дамытып, көшеттеп егу тәсілін қолға алғалы жақсы нәтиже беруде. Және де аудан әкімі Ғалым Әміреевтің бастамасымен ауыл диқандары өз өнімдерін Жаңақорған кентінен, Қызылорда қаласынан, ауыл іргесіндегі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойынан арнайы ашылған базарда саудалауға мүмкіндік алды. Оған қоса, жайылмалық диқандар Ресейге 4754 тонна қауын-қарбыз экспорттады. Бұл да болса, брендті бақша өніміне шетел нарқында сұраныстың мол екенін байқатады, – дейді Жайылма ауылдық округінің әкімі Талғат Зейдалиев.
Оның қатарында, ауданда агроөнеркәсіп өнімдерінің әлеуетін арттырып, экспорт көлемін өсіруде күн тәртібінде. Осы орайда, жаңақорғандық «Тасболат-А» ЖШС-не қарасты тәулігіне 60 тонна күріш ақтауға қауқары бар зауытты айтуға болады. Бұл зауыттың құрылғанына көп уақыт болмаса да республика өңірімен қатар «Тасболат-А» брендіндегі сыр маржанын шетелге экспорттауда.
– Жалпы, былтыр Жаңақорған ауданында 1046 гектар, Шиелі өңірінде 1280 гектар аумаққа сыр саласын ектік. Өнім жақсы болды. Бүгінде Кедендік одақтың мүмкіндігі пайдаланып, Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға «Лидер», «Фаворит» элиталы күрішті экспорттадық. Өздеріңізге белгілі, екі жыл болды дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке ендік. Енді отандық өнімді алыс-жақын шет елдерге саудалауға даңғыл жол ашылды. Шетел нарығын игеруге біздің мүмкіндігіміз жетеді. Өйткені, біздің күріш ақтау зауыты бәсекеге қабілетті. Елбасы Жолдауында айтылғандай, зауыт соңғы үлгідегі қытайлық автоматтандырылған аппаратпен жабдықталған, – дейді «Тасболат-А» ЖШС директоры Бақытжан Тасболатов.

СЫР ӨҢІРІНІҢ СЕРПІНІ
Сонымен қатар, аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бағытында өткен жылы ауқымды жұмыстар атқарылған. Яғни, облыстың ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу нарығына кешендік маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде облыстың агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейін дамуының Агрокартасы әзірленген. Соның нәтижесінде, 2017 жылы 84,6 мың тонна күріш сырт елдерге экспортталған. Күріш экспорты 2016 жылмен салыстырғанда 61,1 пайызға, жалпы ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау 60 пайызға артқан.
Агрокарта аясында жылдам дамытуды қажет ететін салалар және ауыл шаруашылығы өнімдерін (күріш, балық, ет, бақша, т.б.) экспорттау көлемін 2020 жылға қарай 5 есеге дейін ұлғайту жолдары айқындалған. Бұл Мемлекет басшысының бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығында талап етілген өндірісті ынталандыру жөніндегі тапсырмасына толық сәйкес келеді деген сөз. Бұл жөнінде жақында ғана Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов:
– Елбасы биылғы Жолдауында алдағы 5 жыл көлемінде ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, өңдеу саласына көп көңіл бөлу қажеттігін айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, өңделген өнімдердің экспортқа шығару көлемі 5 жылда 2,5 есеге көбейтуді талап етуде – деп мәлімдеді. Әрі былтыр облыста күріш, қауын-қарбыз, пияз, болгар бұрышы секілді ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 37 пайызға өскені белгілі болды. Яғни, 89,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері шетел асқан. Оның ішінде, Жаңақорған ауданының да үлесі қомақты.
Түйіндей айтқанда, экспорттың көлемін арттыру әлемдік нарықта еркін және бәсекелестікке төтеп бере алатын тауар шығаруға ынталандырады. Яғни, отандық өндірістің екінші тынысы ашылып, көкжиегі кеңейеді. Тек, халықаралық қауымдастықтың талабына сай өнім шығарып, ұсына білсе болғаны. Бұл орайда, мемлекет отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдай жасады. Енді жаһандық нарыққа шығатын, бәсекеге қабілетті өнім шығару – барша шаруалар мен диқандардың іскерлігін шыңдай түседі. Бұл өз кезегінде Елбасы Жолдауында айтылған бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілеуге мүмкіндік береді. Шетел нарқын бағындыруда жаңақорғандық кәсіп иелерінің де өзіндік орны айрықша.

Әбдісамат ӘБДІШ.
06 ақпан 2018 ж. 1 561 2

Гость Jeahulalf от 14 ақпан 2019 12:41
Amoxicillin Abdominal Painin Children Amoxicillin Dosage For Kittens Priligy 60 Mg Costo cialis 20mg price at walmart Comparison Viagra Cialis Cialis 5 Mg Medicament

Гость Jeahulalf от 5 наурыз 2019 23:46
Doryx Apo viagra Cialis Fara Reteta Farmacii Vendita Viagra Generico In Europa Tadalafil Generique 20mg