Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ауыл аманаты» – ауылдағы ағайынға

«Ауыл аманаты» – ауылдағы ағайынға



Мемлекет басшысы VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясындағы сөйлеген сөзінде Жаңа Қазақстан құрудағы алғышарттарды, меже мен мақсат-мүддені, болашаққа байыпты қадам басудағы бағыт-бағдарды нақтылап берді. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін және стратегиялық жоспарлаудың сапасын көтеру, сайлау алдындағы бағдарламалар және уәделер ретімен орындауды міндеттеді. Одан бөлек, әр салаға басымдық беріп, ел әлеуетін көтерудегі жоспарларды жүйеледі. Соның ішінде, ауылдағы ағайынның тұрмыс-тіршілігіне тікелей айтылған тапсырмасы көңілге өте қонымды болды.
Иә, халыққа керегі де осы. Елге ең бірінші қажеті Президенттің әрбір берген тапсырмасының тиянақты орындалуы. Қалған тағайындау, сайлаулар ол уақыттың еншісінде...
«Мен сайлау алдында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту қажеттігі туралы анық айттым. Биыл тағы 1,5 мыңнан астам жобаға бюджеттен 143 миллиард теңге бөлінеді. Бұл – маңызды міндеттің бірі. Оны ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы жүзеге асыру керек. Сол үшін «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынады. Ауыл тұрғындарына 5-7 жылға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі», деді Президент.
Ауыл шаруашылығы кооперативтері халыққа қызмет көрсету және өнім өткізу үшін құрылады. Оларға құрал-жабдық және техника сатып алу үшін субсидия беріледі. Осы мақсатқа 1 триллионға жуық теңге бөлінеді.
«Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс. Топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды. Өнім көлемін арттыруға және оны әртараптандыруға баса мән берген жөн. Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет. Бұл жұмысқа Мәжілістен орын алған «Ауыл» партиясы өз үлесін қосады деп сенемін», деді ел Президенті.
Жаңақорған Сыр өңіріндегі ауылшаруашылығы саласы мен кәсіпкерлігі дамыған аудан. Аудандағы ауылдардың негізгі тіршілігі ауылшаруашылығымен тығыз байланысты. Жыл сайын егін көлемін көбейтіп, ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде диқандардың еңбегі зор. Мақсат біреу, ол – отандық өнімді көбейтіп, импортты азайтып, экспортты арттыру. Президенттің де пәрмені осыны көздейді.
Ендеше, аграрлы саланың серпін алып, ішкі өнімнің өсуі нарықты реттеп, бағаны бірізге түсреді деп сенеміз. Бастама оң болып, дала еңбеккерлерінің еңбегі еселене түсетін күн алыс емес...

                                                                                                                                                Әлібек Жарықбаев
29 наурыз 2023 ж. 227 0