№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Егінді әртараптандыру – маңызды қадам

Егінді әртараптандыру – маңызды қадам

Жаңақорғандық диқандар тағы бір берекелі жылды тарихқа хаттады. Биыл аудан диқандары су тапшылығының туындауына қарамастан, күріштің әр гектарынан орташа 57 центнерден өнім алып, 46 мың 803 тоннадан астам ел қамбасына астық құйды. Мұны үлкен табыс деуге болады. Осы жылдары дала еңбеккерлері жүйелі жоспар ғана нәтижелі болатынын білді. Сондықтан атқарылған істерді саралап, ендігі жылдың міндеттерін талқылау мақсатында кеңейтілген мәжіліс өтті. Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің төрағалығымен өткен жиында егінді әртараптандыру бағытындағы мәселелер жайында да ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Оған Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми жетекші маманы Камалдин Шермағамбетов, «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының су пайдалануды басқару мен реттеу бөлімінің басшысы Сейтқасым Әбуов, кент және барлық ауылдық округ әкімдері, шаруашылық құрылымдары қатысты.
– Өздеріңізге белгілі, Ауыл шаруа-
шылығы министрлігі мен облыс әкімінің арасындағы меморандум жасалды. Сол меморандум шеңберінде Жаңақорған ауданы диқандары үшін 36518 гектар егіс көлемі бекітілген. Оның ішінде 8 мың гектар күріш дақылы егіледі деп жоспарланған. Алайда егіске су жеткізуші облыс-
тық су шаруашылығы кәсіпорны алдағы жылдардағы болатын су тапшылығын ескеріп, Жаңақорған ауданындағы күріш егу көлемін 7300 гектарға дейін азайту мәселесі көтеріліп жатыр. Сондықтан бізге осы кезден бастап суды аз қамтамасыз ететін егіс түріне ауысуымыз қажет. 2021 жылдан бастап мақсары дақылының өніміне мемлекеттік қолдау қайтадан енгізілетін болып жатыр. Соған сәйкес ауданда мақсары дақылын егуді 4000 гектарға дейін орналастыруға қол жеткізуіміз керек. Облыстағы аудандар арасында егістің ауыспалығын сақтап отырған бірден-бір аудан екендігін мен білемін. 2021 жылдан бастап жоңышқа дақылына да басымдық беруге болады. Олай дейтінім, жоңышқа дақылын экспортқа шығаруда сұраныс жылдан жылға артып келеді, – деді Руслан Рүстемұлы.

Шынында, шаруа қожалық басшылары нарықты терең зерттеп, шығыны аз, пайдасы көп дақыл түрлеріне басымдық беретін кез келді. Бір ғана мысал, нарықта аскөктің бір келісі 500 теңгеден жоғары бағаланады. Ал біздің ауданда аскөк бір гектар жерге де егілмейді. Өзбекстан аскөктен көл-көсір пайда тауып отырғаны жөнінде ақпарат көп. Яғни алашапанды ағайын аскөкті Қытай, Үндістан, Пәкістан сынды елдерге экспорттап отыр. Бұл бағытта да ойлану керек сынды.
Аудандық ауыл шаруашылығы бө-лімінің басшысы Тұрған Базарбаев атқарылған істерін саралады.
– Биыл 200 шаруашылық күріш өсіруге мән беріп, 8346 гектарға дән тасталды. Меже орындалды, бірақ су тапшылығының әсерін сезіндік. 135 гектар күріштік судан тапшылық көрді. Қажетті минералдық тыңайтқыштар мен гербициттер дер кезінде берілді, күріштен бөлек, мақсары, бақша өнімдері, жоңышқа мен бидайдан мол өнім жиналды.
Каналдар қазу, жанар жағар-май, техникалармен қамтамасыз ету межелі орындалды, – деді бөлім басшысы.
Баяндаманы қысқаша қайыр-
дық, әртараптандыру бойынша соңғы екі жылда бидай, дәндік жүгері, майлы дақылдар мен картоп, көкөніс, бақша дақылдарының көлемі 200 гектарға ұлғайса, мал азықтық жоңышқа дақылының көлемдері 1000 гектарға ұлғайған. Биылғы жылы Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты, суды аз қажет ететін дақылдардың егіс көлемін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды, – деді сала
басшысы.

Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми жетекші маманы Камалдин Шермағамбетов егін шаруасын ширатудың жолын түсіндірді.
– Ауыспалы егістің жемісі бір жылда көрінбеуі мүмкін, бірақ бұл тәсілдің әсері өте көп. Иә, жоңышқадан кейін егілген өнім көлемі жақсы болатыны анық. Бірақ күріштен кейін де дақылдардың деңгейі, жоғары сапалы өнім алынуы толық білінеді. Бұл тәжірибе тоқсаныншы жылдары қолданылған, оған Жаңақорған жерінің әлеуеті зор. Жері құнарлы, кез келген өнім жоғары нәтиже көрсете алады. Біздің алдағы мақсатымыз, мақсары дақылының көлемін көбейту. Өйткені мақсары суға өте төзімді дақыл, оның да өсіру тәсілдері бар. Сондықтан біздің бұл жиынға келгендегі басты мақсатымыз – күріш өсірудің жаңа технологиясын меңгеріп, өнімнің көлемін арттыруды игеру. Бастысы дәстүрлі бірізділіктен құтылуға тиістіміз, өйткені заман ағымы мұны көтермейді, ғылыми жолды көбірек таңдағанымыз дұрыс, – деді білікті маман.
Расында, қазір озық елдердің көшіне ілесу экономиканың дамуының деңгейімен өлшенеді. Ал ауыл шаруашылығы саласы экономиканың негізгі драйверіне айналуы тиіс. Міне осы бағытта атқарылып жұмыстар, қабылданатын бағдарламалар мен жаңа жоба, тың
идеялардың қалыптасуы аса маңызды. Ең бастысы ғылымға көбірек көңіл бөлген ел ұтылмайды. Біздің аудандағы Керімхан Егізбаевтың іс-тәжрибесінен, ғылыми технологияның тиімді тұсын көре білдік. Демек, су тапшылығына қарамастан, кез-келген дақылдан жоғары өнім алу бұл егін шаруашылығындағы басты меже.
Жиын соңын «Арал-Сырдария» бассейндік испекциясының су пайдалануды басқару мен реттеу бөлімінің басшысы Абуов Сейтқасым түйіндеді. Келер жылдағы су деңгейі мен межені түсіндіріп берді. Шардара мен Көксарай су қоймасына жиналатын судың деңгейі қалыпты, бірақ үнемдеудің жолына көшу керектігін тағы бір тілек етті. Суға байланысты көптеген сауалдар мен ұсыныстар туындады. Ол енді жоғары жақтың құзырында.
– Сәуір айына дейін Шардараға 1,2 млрд, ал Көксарайға 2 млрд-тан аса су жинау жоспары биылдан басталды. Суды молынан жинау, бұл көрші Түркістан облысы мен біздің өңірдің шаруа-
лары үшін олжа болары анық. Сондықтан қолдан келгенше жұмыс жасап жатырмыз, – деп түйіндеді.
Қорыта айтқанда, биылғы межені айқындап, келер жылдың жүгі қандай боларын түсіндік. Ең бастысы, елдің еңсесі тік, шаруалардың шаруасы ширақ болғаны дұрыс. Егіннің бітік шығуы, бұл еңбектің өтелгені деп білеміз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
28 қараша 2020 ж. 2 021 0