ЕГІНЖАЙДАН ЖИНАЛҒАН ЕЛ НЕСІБЕСІ МОЛ
Әне-міне дегенше, ел етек-жеңін жинап, дала жұмыстары демін басып, табысты таразалайтын шаққа таяды. «Егінді өсіре білу – алғашқы асу ғана. Ысырапсыз жинап алу – мәре» деген қанатты сөз бар. Ендігі кезекте бүгінгі таңға дейін ауданның егін саласы бойынша атқарылған ауқымды істердің легін тарқатсақ. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тұрғанәлі Базарбаев өткізген брифинг барысында егінжай орымы көңіл қуантарлық екенін білдік.
Әуелі сандарды сөйлетсек. Жаңақорғанда ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын 957 шаруашылықтың 503-і егін шаруашылығында жұмыс жасайды екен. Оның ішінде, 203-і биыл күріш өсірумен айналысқан.
– Биылғы жылы аудан бойынша 36246 гектар ауыл шаруашылығы дақылдарын егу межеленіп, нақты 37024 гектарға орналастырылды. Межеден 102 пайызға, ал өткен жылмен салыстырғанда 106,0 пайызға жоғары. Биылғы жылы ауданда егілген күздік және жаздық бидай, арпа дақылдарын жинау жұмыстарын жүргізіп, күздік бидайдың әр гектарынан 21,6 центнерден 5845 тонна, жаздық бидайдың әр гектарынан 18,3 центнерден 326 тонна, және арпа дақылының әр гектарынан 15 центнерден 190,5 тонна өнім алдық. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әр гектардан 0,5-1,0 центерден жоғары өнім алуға қол жеткізілді. Сонымен қатар тарының әр гектарынан 28,4 центнерден 1,5 мың тонна, дәндік жүгерінің әр гектарынан 37 центнерден 3,2 мың тонна өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда әр гектарынан 2,5-5 центерге дейін жоғары өнім алдық, – деді бөлім басшысы Тұрғанәлі Саимбайұлы.
Оған қоса, Мемлекет басшысы Жолдауында айтылған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында ауданда бірқатар толымды істер атқарылған. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауылдық округтерде өзін-өзі жұмыспен қамтуға ниетті тұрғындарға жағдай жасай отырып картоп, көкөніс және бақша өнімдерін өндіруді арттыру мақсатында 5 ауылдық округте агро индустриялды аймақтар ашылған. Қазіргі уақытта егін жинау жұмыстары аяқталып, межеленген өнім алынған.
Иә, бүгінде Сыр елінде аграрлы саланы дамытуда тың серпіліс бар. Оның ішінде, республикада тұңғыш болып, Жаңақорғаннан ашылған агро-аймақтың болашағы зор. Сала басшысы өз сөзінде әртараптандыру бағытында да ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткенін жеткізді.
– Әртараптандыру бағдарламасы бойынша егілген мақсары, күнбағыс, картоп, көкөніс, бақша дақылдары толығымен жиналды. Мәселен, мақсарының әр гектарынан 12,6 центнерден 5,0 мың тонна, күнбағыстан 25 центнерден, картоптан 104 центнерден 6,3 мың тонна, көкөністен 215 центнерден 14,7 мың тонна, бақшадан 300 центнерден 51,6 мың тонна өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 1,5-2 есеге дейін артық өнім алдық. Оның қатарында, биылғы жылға аудан бойынша 143,0 мың тонна мал азығын дайындау межеленіп, 78,8 мың тонна жоңышқа шөбі, 71,0 мың тонна табиғи шөп, барлығы 149,8 тонна мал азығы дайындалып, 104 пайызға артығымен орындалды, – деді Тұрғанәлі Базарбаев.
Сала басшысының сөзінен белгілі болғандай, ауданда күріш шаруашылығының көкжиегі күн санап кеңеюде. Айқын көрінісі, күріштің жоғары репродукциялы сорттарын өндіріске енгізу бағытында 2066 тонна күріш тұқымы, оның ішінде сорттар бойынша: 956 тонна – Лидер, 1050 тонна – Маржан, 40 тонна – Фаворит, 10 тонна – Анайт, және 10 тонна Айкерім сорттары себілген. Егілген 7700 гектар күріш дақылының 71% - Маржан, 29 % Лидер, Фаворит және Айкерім сорты екен.
Брифинг соңында бөлім басшысыан сыр саласынан аудан қамбасына қанша тонна өнім жиналғанын сұрадық. Тұрғанәлі Базарбаевтың айтуынша, биылғы жылы егілген 7700 гектар күріштің әр гектарынан 50 центнерден 38,5 мың тонна өнім алынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әр гектардан 1,4 центнерге жоғары.
Қорыта айтқанда, жыл сайынғы Жолдау жүгі отандық өнімді бәсекеге қабілетті етіп, нарықтық экономика да өзіндік даңғыл жолын қалыптастыру. Бұл бағытта сыр салысының сыртқы сауда айналымы – ауданның экономикалық көрсеткішінің артуына үлес қосары айқын. Ең бастысы – дала еңбеккерлерінің еңбегі еселі.
Әбдісамат ӘБДІШ.

Пікір 4