Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Озат ауданның озық істері

Озат ауданның озық істері

Облыс әкімдігінде дала еңбеккерлеріне арналған дәстүрлі «Алтын дән-2020» шарасы өтті. Оған облыс әкімі Гүлшара Наушақызы арнайы қатысты. Сондай-ақ Қызылорда қаласы мен аудандардан 300-ге жуық шаруашылық өкілдері онлайн қосылды.
Аймақ басшысы Гүлшара Наушақызы құттықтау сөзінде ауыл шаруашылығы ел экономикасының қозғаушы саласы екенін және мемлекеттік қолдаудың арқасында өңірдің ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер қалыптасқандығын тілге тиек етті.
Пандемия кезеңінде су тапшылығының туындауына қарамастан, биылғы жылы күріштің әр гектарынан 61,8 центнерден өнім алып, 551 мың тоннадан астам күрішті қамбаға құйып, рекордтық көрсеткіш жаңартылғаны белгілі болды.
Бұл қарапайым дала еңбеккерінің ала жаздай еткен еңбегі мен төккен терінің жемісі, халықтың-ризық несібесінің нәтижесі. Ел игілігін еселеген еңбекшілер түрлі марапаттарға ие болуда.
2020 жылдың қорытындысымен аудан әкімі Руслан Рүстемов мал шаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштер үшін «Озат аудан» номинациясына ие болды.
Мұндай жетістікке жетудің өзіндік мәні бар. Біріншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және экспорттық әлеуетті әртараптандыру бағытында жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Екіншіден, Сыр өңірі төрт түлігінің үштен бірі біздің ауданда. Үшіншіден, репродукторлы шаруашылықтар саны артып, асыл тұқымды мүйізді ірі қара басы артты.
2020 жылдың есепті кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 16 млрд 341 млн теңге, нақты көлем индексі 103,2 пайызды құрады. Оның ішінде, 7 млрд 617 млн теңгесі (105,1 процент) мал шаруашылығының үлесін құрады.
2020 жылдың 1 қазандағы мәлімет бойынша, 71 498 бас мүйізді ірі қара (өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 102,5 процентке өскен), 298 мың 116 бас уақ мал (114,9 процентке өскен), 18619 бас жылқы (113,4 процентке өскен), 1797 бас түйе (109,7 процентке өскен) бар.
Биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5000 бас уақ мал сатып алу жоспарланып, 10 шаруашылық 123,5 млн теңге несие алып, 3777 бас қой алынды. Жоспар 75,4 пайызға орындалды.
Айта кететіні, мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспары 284 бас болып бекітілген. Бүгінде ауданға шет елден 208 бас асыл тұқымды «қалмақ» қашарлары сатып алынды. («Парадин» ш/қ 128 бас, ДК «Ерасыл» 80 бас) Қазіргі таңда Қыркеңсе ауылдық округіне қарасты «Маржан» шаруа қожалығы 100 бас мүйізді ірі қара малын және Аққорған ауылдық округіне қарасты «Заман Ата» шаруа қожалығы 100 бас мүйізді ірі қара малын «Аграрлық Несие корпорациясы» арқылы сатып алуға өтінім беріп, тиісті жұмыстар жасалуда.
31 қазан 2020 ж. 699 0