№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Уран өндірісінің процесі қалай жүргізіледі?

Уран өндірісінің процесі қалай жүргізіледі?

Уран – атом энергетикасына қажетті стра­тегиялық шикізат. Яғни ядролық отын. Сыр өңірінде уранды өндіру көлемінен «Байкен-U» ЖШС алдынғы қатарда тұр. Серіктестік табиғи уранды өндіру, қайта өңдеуде «Хорасан-2» кен орнында жұмыстарын жүргізеді.
Бас директордың өнеркәсіп жөніндегі орынбасары Дастан Асанов өндіріс орнының жұмыс барысымен таныстырды.
– «Байкен-U» ЖШС қызметі ПСВ әдіс­темесі бойынша уран шығарып алу кезінде экономикалық, технологиялық пара­метр­лерді зерттеу және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді сондай-ақ өндіруді, сақтауды, тасымалдауды және құрамында уран бар кендерді қайта өңдеуді, тауарлық өнімді іске асыруды қамтиды. Қызметтің барлық түрлері қазақстандық заңнаманың барлық экологиялық нормаларына және талаптарына сәйкес жүргізілуде. Кәсіп­орында қоршаған ортаның ластануын болдыр­майтын ең экологиялық қауіпсіз және озық технологиялар қолданылады, – деді бас инженер Дастан Дайрбекұлы.
Серіктестік аудандағы ірі өндіріс орындарының бірі. Мұнда 494 жұмысшы бар. Оның 298-і қызылордалықтар. Кәсіпорын бүгінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды тиімді жүзеге асыруға мән беріп, қоғамдық маңызы бар іс-шараларға демеушілік көрсетіп келеді. Жылда «Самұрық қазына транс қоры» арқылы 38 млн теңге түрлі әлеуметтік жобаларды қаржыландырамыз.
«Байкен-U» ЖШС жылына 3000 тоннаға дейін уран өндіруге қауқарлы. Бірақ «Қаз­атомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірісті арттыруға немесе демпинг жасауға негіз жоқ деген шешім шығарды. Осыған сәйкес компания 1630 тонна уран шығарады. Сондай-ақ «Қызылқұм» ЖШС 600 тонна ураның өндіріп береді.
Әкім уран өндісінің процесімен танысты. Онымен өнімді ерітіндіні өндеуші цех бастығының орынбасары Ұлан Байсалбеков түсіндірді.
– DIO технологиялық аймақта жер асты ұнғымасы арқылы өнімді ерітінді цехқа жеткізіледі, насос арқылы СНК-3М колоннасына айдайды. Онда ион алмастырушы шайыр арқылы өтеді. Химиялық ион алмасу реакциясы жүріп, шайыр уранды өзіне сіңіріп алады. 6 сағаттың ішінде қанығады. Сосын кері процеске жіберіп, нитрат (NO3-) ионына бай ерітінді дайындалады. СДК колоннасына қаныққан шайыр жинап, ерітіндіні жібереді. Яғни шайырдың бойынан сұйықтыққа айналдырып, шайырды шығарып тастайды. Бұл сұйықтық «ТД» деп аталады. Осы сұйықтықты аффинаж цехына жібереді. Оған химиялық арнайы қоспаларды қосады. Уран химиялық реакцияға түсіп, тұңба болып отырады. Тұңбаны сүзіп алып фильтрден өткізгенде, сары кек күйіне айналады. Оны 750-1000 градусқа дейін қыздырып, құрамындағы түрлі қоспалардан арылтып, уранның шала тотығы (уранат типті тұздар) шығады. Бұл процестің бәрі автоматтандырылған. Өндіріс кезінде адам тікелей қатынаста болмайды. Айта кететіні, ерітінділер қайта өндірістік мақсатта пайдалану үшін насостармен жер асты ұңғымасына жіберіледі, – деді жауапты маман.
Уран өндірісінің жұмысына қаныққан аудан басшысы жауапты істе сәттілік тілеп, кері қайтты.

                                                                                                                                          Нұрлат АЙТЖАН.
28 қыркүйек 2019 ж. 2 611 0