№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АТОМШЫЛАР КӘСІБИ МЕРЕКЕДЕ МАРАПАТТАЛДЫ

АТОМШЫЛАР КӘСІБИ МЕРЕКЕДЕ МАРАПАТТАЛДЫ



«Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ уран, сирек металдар, атом энергетикалық стансалары үшін ядролық отынның импорты-экспорты бойынша еліміздегі ұлттық оператор болып табылады. Бұл бағытта Қазақстан 2009 жылдан бастап табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің қатарында. Адамзаттың XXI ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық сұраныстарын қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай үлес қосуға тиіс. Бұл тұрғы да «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ қарасты бірнеше еншілес компания Жаңақорған жерінде де жұмыс жасап келеді. Сондай өндіріс ошағының бірі «CKЗ –U» ЖШС. Он бір жылдық тарихы бар серіктестік жылдағы дәстүрге сай атомшылардың кәсіби мерекесін кең көлемде атап өтті.
Бір айта кетерлігі, биылғы жылы да Күкірт қышқылы зауыты өздерінің төл мерекесін зор табыспен қарсы алып отыр. Яғни, тоғыз айлық межені мерзімінен бұрын орындап, бәсекеге қабілеттігін айқындады. Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шараның шымылдығын серіктестіктің бас директоры Мәдіхан Бекжанов құттықтау сөзімен ашты.
– Бүгінде жер асты қойнауы қазба байлықтарға толы Сыр елінің келешегі кемелденіп, индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында жоспарлы жұмыс қарқын алуда. Бұл өз кезегінде шикізаттан құны жоғары өнім өндіріп, өндіріс өрісін кеңейтуге мол мүмкіндік. Осы тұста, Елбасының тікелей бастамасымен дүниеге келген Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жемісін бүгінде бүкіл елмен бірге Жаңақорған жұртшылығы да көруде. Оның бір айғағы аудандағы алып өндіріс ошағының бірі – күкірт қышқылы зауыты.
Айрықша атап өту керек, зауыт аумағында салынған әрбір құрылыс нысаны сандық технологияның мүмкіндігін игілігіне икемдеген. Себебі, Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында табысты өткен екі жаңғырудан кейін, алға батыл қадам жасап, Үшінші жаңғыруды бастау керектігін атаған болатын. Осы тұста ең маңыздысы – бірінші басымдық ретінде жеделдетілген технологиялық жаңғырту екенін айрықша тоқталды. Яғни, Елбасы цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияны өркендету – бұл маңызды кешенді міндет деді. Әсіресе, Қазақстанда қуатты өндірістің әлеуетін арттыруды жүктеді. Міне, осы Президент пәрменімен сабақтасқан Күкірт қышқылы зауыты соңғы үлгідегі жеделдетілген технологиямен жабдықталған. Яғни, Жолдауда жүктелген міндеттер қоғам өмірінен көрініс тапқан. Осындай мерейлі сәтте, барша зауыт жұмысшыларын атомшылардың кәсіби мерекесімен құттықтаймын, – деді Мәдіхан Әріпұлы.
Мұнан кейін, атом саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, еңбектегі табыстары мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін зауыттың бір топ қызметкерлері марапатталды. Марапат биігінен көрінген қызметкерлер қатарында: Зауыттың персоналдармен жұмыс бөлімінің бастығы Гүлнара Рүстемова, бас директордың төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары Дүйсенбек Шардарбеков, МТЖБ жабдықтау жөніндегі бас маманы Ержан Ахметов «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» атағы және «Құрмет грамотасына» ие болды. Сонымен қатар, погрузчик-жүргізушісі Марат Ысмайылов, еріту аппаратчигі Дастан Ережепов, жөндеуші-слесарь Қуаныш Дәнеев, жүкші Қалдыбек Шілтенұлы арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
02 қазан 2018 ж. 1 343 0