№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Қызылқұм" ЖШС қанша тонна уран өндіреді?

"Қызылқұм" ЖШС қанша тонна уран өндіреді?

Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтан Мақашов алдымен аймақтағы ірі өндіріс орындарының бірі – Қызылқұм» ЖШС болды. Атқаралып жатқан жұмыстар жөнінде серіктестіктің бас директоры Адай Өмірбеков баяндады.
– 2005 жылдың мамыр айында құрылған кәсіпорын уран өндіру ісімен айналысады. Серіктестік 2008 жылдан бастап аймақтағы «Солтүстік Хорасан» кен орнының Хорасан-1 учаскесінде жер асты ұңғыма әдісімен уран өндіруде, – деді бас директор.
Аудан басшысы мен серіктестік басшысы өндіріс орнының әлеуеті жайында сұрақ-жауап алмасып, сөз жалғастырды.
– Қанша жұмысшы бар?
– 357 жұмысшы бар. Оның 157-і Жаңақорған ауданының тұрғыны, 29-ы байкенжелік. Вахталық жұмыс әдісі бойынша жұмыс жүргізіледі. Олар 280 орындық жатақханада тұра­ды. Ыстық тамақпен қамтылған.
– Уран қалай өндіріледі?
– Уран өндірудің жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен өндіріледі. Бұл әдістің қоршаған ортаға теріс ықпалы аз және ол өндірудің барынша төмен өзіндік құнын, өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы жоғары көрсеткіштерді қамтамасыз етеді. Уран өндірудің барлық процес­тері автоматтандырылған және ком­панияның тұрақты бақылауында.
– Уранды қанша тоннаға дейін өндіресіздер?
– Жылына 3000 тоннаға дейін өндіруге мүмкіндік бар. Уран өндірі­сінің ұзақ мерзімді тұрақ­тылығын қамтамасыз ету және өндіріс ауқымын сұранысқа икемдеп қысқарту жөнінде стратегиялық шешімі қабылданды. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 3 жылға жер қойнауын пай­далану келісімшарттары бойынша жоспарланған өндіріс ауқы­мын 20 пайызға қысқарту жалғасуда. Соған сәйкес 1600 тонна ядролық отын шығарудамыз. Оның мәні қымбат энер­гетикалық ресурсты ар­зан бағаға сатпау және уран қорын сақтауда жатыр.
– Әлеуметтік жауапкершілікті назарда ұстау маңызды. Солай емес пе?
– Әрине, әлеуметтік жауапкер­ші­лікті ұмытқан емеспіз. Жылына 6,5 млн. теңге көлемінде түрлі жоба­ларды қолдауға жұмсаймыз. Әсі­ре­­се жасөспірімдерге қолдау көр­сетуді бірінші орынға қоямыз. Биыл 100 оқушы жазғы лагерде демалуына демеу­шілік жасадық. «Мектепке жол» акциясы бойынша 100 балаға қажетті киім-кешек, құрал-жабдықпен қамта­масыз еттік. Одан бөлек аудан көлемінде өткізілетін мерекелік шара­лар жоғары деңгейде өтуіне үлес қосып келеміз.
Сөзге аудандық кәсіпкерлік, өнер­кәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев араласып:
– Компания жергілікті азамат­тар­­ды көбейтуге және жоғары дип­ломдыларын қызметтік баспалдақпен өсуіне жағдай жасауы маңызды, – деді.
– Біз басымдықты жергілікті жер­дегі мамандарға береміз. Бізде оператор, слесарь, компрессор сынды мамандарға сұра­ныс болады. Жергілікті жердің басшылары жұмыс­қа адам ұсынғанда мамандыққа сай сертификатталғанын басшылыққа алса дұрыс болар елі, – деді Адай Есеркепұлы.
Директордың ойын қуаттаған Сұлтан Ысқақұлы:
– Бізге қажетті мамандықтардың тізімін беріңіздер. Облыс әкімінің гран­ты есебінен жоғары білім алуы­­на мүмкіндік жасаймыз. Тіпті Ресейдің үздік техникалық жоғары мектептерінде оқытуға болады. Қазір кәсіпкерлік бағытта қысқа мерзімді курстар арқылы оқытып жатырмыз. Соны өндіріске де икемдеуге бола­ды, – деп мамандарды даярлауға бай­ланысты көзқарасын жеткізді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
28 қыркүйек 2019 ж. 1 684 0