Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 529

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ

Жақында «Байкен-U» ЖШС өскелең жас ұрпақтың өз туған жерін, қоршаған ортасын сақтауға деген жауапкершілігін, әлеуметтік саналылығын қалыптастыру, қоршаған ортаның маңыздылығын түсіндіру мақсатында Байкенже, Билібай ауылындағы орта мектептерінде «Экология апталығы» өткізілді.


Іс-шара барысында оқушылар арасында сұхбаттасу, экологиялық насихаттау жұмы­сы жүргізіліп, оқушыларға «Қоршаған орта­ны қорғау – балалар көзімен» атты сурет салу, «Қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу», «Таза ауыл» туралы эссе жазу тапсырылды. Сондай-ақ қайта өңделетін қалдықтардан (қағаз, пластик) қолдан жасалған іске пайдалы бұйымдар жасау секілді экологиялық тапсырмалар, шығармашылық жұмыс берілді. Одан бөлек, түрлі конкурстар, мектеп, тағзым алаңдарын көгалдандыру, плоггинг топ­тық жұмыстары ұйымдастырылды. Плог­гинг барысында ауылдық округтердің көшелерінен оқушылармен жүгіру кезін­де айналадағы қалдықтарды жинау эколо­гиялық акциясы өтті.
Сонымен қатар, Жаңақорған кентіндегі №3 арнайы (мүгедектер) балабақшасының ауласына көшет ағаштары отырғызылды. Бұл жоба – экология апталығы, экологиялық қауіпсіздікті, тепе-теңдікті сақтауда эко­логиялық білім мен тәрбие беруге, белгілі бір аймақта қоршаған ортаны сақтауға оқушылардың өз үлесін қосуға ықпалын көтеруге, ынталандыруға және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыруға бағытталған. Негізгі мақсат – оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жасай білуге, жанашырлық сезімге баулу, табиғат жөніндегі ой – өрістерін кеңейту.
Барлық конкурстың нәтижесі бойынша үздік жұмыстары үшін оқушылар серіктестік тарапынан марапатталып, бағалы сый­лықтар табысталды.
Бұдан бөлек, «Харасан-2» кенішінде сенбілік ұйымдастырылып, дәл осын­дай насихаттау жұмыстары кеніш жұмыс­шы­лары және олардың балалары арасында да өткізілді.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.
10 маусым 2019 ж. 3 967 0