№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ»: БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА НАҚТЫ ҚАДАМ

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ»: БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА НАҚТЫ ҚАДАМ


Президент өзінің «Әлеуметтік қамқорлық» кешенді шарасында әлеуметтік осал топқа баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін жария еткен болатын. Бұл бастама тұрғын үй құрлысының жаңа серпінмен дамуына дем берді. «Үйі бардың – күйі бар» демекші, басында баспанасы бар адамның қашанда көңілі көтеріңкі болатыны сөзсіз. Сондықтанда Президент саясатының негізгі басымдығы қолжетімді баспанадан басталғаны әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған бірегей жоба деп білеміз. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының пәрменінен соң, «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылып, құжат қабылдау жүріп жатыр.


Біз бүгін аталмыш жаңа бағдарлама аясында кімдердің үй алуға мүмкіндігі бар? Табыс көзі қалай есептеледі? Қандай құжаттар қажет? Міне, осы сауалдарға жауап іздейміз. Негізі «Бақытты отбасы» – табысы төмен отбасыларға тұрғын-үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасы. Оған 3 санаттағы отбасылар қатыса алады. Бірінші, тұрғын-үй кезегінде тұрған көп балалы отбасы. Екінші, балалары кәмелет жасқа толмаған толық емес отбасылар. Егер неке бұзылған болса, міндетті түрде үш жыл мерзім өтуі тиіс. Үшіншіден, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы. Сондай-ақ бағдарлама қатысушысы бағасы 10 млн. теңгеге дейінгі жаңадан салынған және қолданыстағы көпқабатты үйлерден және жер үйден таңдай алады. Ал несиенің қалай берілетініне тоқталсақ. Бағдарлама қатысушысына 2 процентпен 20 жылға дейін несие беріледі. Үй бағасының 10 процентін банктегі шотына жинақтауы тиіс. Мәселен, пәтер құны 10 млн. теңге болған жағдайда алғашқы 8 жыл ішінде 52600 теңгеден, қалған 11 жыл ай сайын 36 мың теңге несие төлейді. Егер таңдаған үй бағасы 10 млн. теңгеден асып кетсе бағдарлама бойынша 10 млн. теңгеге дейін несие беріліп, ал қалған артық бағаға үй алғысы келсе, өзі қалтасынан қосуға тура келеді.
Оған қоса, «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін отбасының әр мүшесіне келетін табыстың мөлшері 42 500 теңгеден аспауы тиіс. Оның ішінде барлық салықтар мен зейнетақы жарналарын шегергенде. Мысалы, отбасы 5 адамнан тұратын болса, онда оның жалпы кірісі 212 500 теңгеден артық болмауы тиіс. Бұл бюджеттік жәрдемақы емес, жұмыс орнынан берілетін қаражат болуы тиіс.
Тағы бір басты ерекшелігі – екі процентпен берілетін несиеден бөлек, бұл бағдарламамен несие алатындардан ешқандай комиссиялық төлем ұсталмайды. Тек үй бағалау кезінде тәуелсіз бағалаушыларға ғана тиісті төлем төленеді. Ендігі кезекте қандай құжат жинау керектігіне тоқталып өтсек. Ең алдымен тұрғын үй инспекциясынан жолдама алу керек. Яғни, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен алады. Мұнан бөлек соңғы 6 айдағы табысы жөніндегі анықтамасы қажет. Әрі қарай банк табысын есептейді. Қазіргі таңда аталмыш бөлім арқылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалына 11 тұрғынның құжаты өткізілген. Осы тұста, тұрғындар «жолдама алып беремін, үй алуға көмектесемін» деген көлденең көк аттыдан абай болғаны абзал. Кеңес алу үшін тек банк кеңесшілеріне немесе ұялы телефон арқылы 300 нөміріне қоңырау шалуына болады.
Сонымен қатар, бағдарлама бойынша басқа қаладан үй ала алмайды. Тек өзі тұратын аймақтан ғана ала алады. Әрі қатысушының бұған дейінгі несие тарихы бұзылғаны кедергі болмайды. Ең бастысы несиесі жабылғаны дұрыс. Ал есептелген табысы өзге несиесін төлеуге жетіп тұрса, кедергі болмайды. Ал табысы жетпей жатса, екі адамға дейін гарант ұсынуына болады.
Қорыта айтқанда, «Бақытты отбасы» бағдарламасы шынында баспаған шын мұқтаж, табысы төмен отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін арналған. Сол үшін оған жылжымайтын мүлкі бар азаматтар қатыса алмайды. Десе де, Президент алғашқы қадамын әлеуметтік жағынан осал топтарға қолжетімді баспанадан бастағаны әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған бірегей бағдарлама деп білеміз.

Әбдісамат ӘБДІШ
---
10 тамыз 2019 ж. 1 056 0