№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ОРДА»: БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ БІРЕГЕЙ БАСТАМАСЫ

«ОРДА»: БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ БІРЕГЕЙ БАСТАМАСЫ

Президент өзінің бес әлеуметтік бастамасында әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін жария еткен болатын. Бұл өмірлік маңызды әлеуметтік бастама. «7-20-25» бағдарламасы. Осы бастама тұрғын үй құрылысының жаңа серпінмен дамуына дем береді.
Хош. Алаштың анасы атанған – Сыр өңірі бүгінде ауқымды құрылыс алаңына айналды. Облыс орталығының сол жақ жағалауында шығыстық стильдегі жаңа шаһардың қазығы қағылып, құрылыс қарқын алды. Келешекте 15 мөлтек ауданнан тұратын жаңа қала бой көтереді. Осы тұста, Президент пәрменінен кейін, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Қызылорда да «Орда» тұрғын үй құрылысы жол картасы жүзеге асатынын мәлімдеген болатын. Міне, жарқын жобаның жағымды жаңалығы жаңа жылдан бастап жүзеге асатыны белгілі болды.

Облыс әкімдігі мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалы бірлесіп әзірлеген «Орда» бағдарламасы бойынша сол жағалаудағы жаңа үйлерден пәтер беруге өтініш қабылдау басталды. Бірден айта кету керек, бұл – жалпыға бірдей бағдарлама емес. Сатып алу мүмкіндігі қарастырылған жалға берілетін пәтерлерден жергілікті әкімдікте кезекте тұрған банк салымшылары үміткер бола алады.
Ал, бұл әлеуметтік жоба аясында кімдер баспаналы бола алады деген сауалға тоқталсақ. Бірінші, көпбалалы немесе толық емес отбасылар. Екінші, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасылар. Үшінші, балалар үйінің тәрбиеленушілері, І, ІІ топтағы мүгедектер. Бесінші, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет мекемелерінің қызметкерлері. Соңғысы, 35-ке толмаған жас отбасылар.
Бұдан өзге қандай шарттары бар? Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» АҚ облыстық филиал директоры Әділжан Сәулебаев айтып берді.
Оның айтуынша, «Орда» тұрғын үй бағ­дарламасы 3 жыл бойы жүреді. Жоба шең­берінде жыл сайын облыстық бюджеттен қайтарылады деген мақсатта 2 млрд. теңгеден бөлініп тұрады. Осы қаражатқа жергілікті билік «бағдарлама қатысушыларына» деп жаңа тұрғын үй салуды және салынған пәтерлерді сатып алуды жоспарлап отыр екен.
– Өздеріңізге белгілі, облыс орталығында көпқабатты тұрғын үй құрылысы жыл өткен сайын қарқын алуда. Ендігі кезекте, баспаналы болудың бірегей жобасы «Орда» десек, қызылордалықтардың қуанышын еселей түсе­тін болады. Жоспар бойынша бірінші кезеңде Қызылорда облысында 250 пәтер иесін табады. «Орда» бағдарламасына қатысушылар үшін 1 шаршы метрдің бағасы 120 000 теңгені құрайды. Оған қатысушылар 8 жыл бойы жалға берілетін пәтерлерде тегін тұрады. Алайда осы уақыт аралығында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» шотына үй бағасының 50 пайызын жинау керек. Содан кейін ғана пәтерді жеңілдетілген несиемен сатып алуға мүмкіндігі бар, – дейді Әділжан Сәулебаев.
Белгілі болғандай, 2019 жылдың қаңтар айының 11-нен бастап сол жағалаудағы 4 үйге өтініш қабылдау басталып, 21-не аяқталатынын мәлімдеді. Бұдан бөлек, наурыз айына дейін 14 үй бағдарлама аясында пайдалануға берілетіні белгілі болды.
Филиал басшысы айтқандай, пәтер алу үшін тамыр-таныс жағалаудың қажеті жоқ. Банк есепшотыңыздағы жинағыңыз есепке алынады. Банк шотында кем дегенде 500 мың теңге жинағы бар және ең көп ұпай жинаған азаматтар бірінші кезекте баспаналы болады. Ал, ұпай саны депозит мерзімі мен оның қаншалықты жиі толтырылғанына байналысты анықталады екен.
Ендігі кезекте, қолға калькуляторды алып, тұрғын үй бағасының көлемін бағамдасақ. Әлгінде айтқандай, «Орда» бағдарламасына қатысушылар үшін 1 шаршы метрдің бағасы 120 000 теңгені құрайды. Мәселен, ауданы 58 шаршы метр болатын 2 бөлмелі пәтер 6 960 000 теңге. Пәтерде 8 жыл бойы тұрып келген банк салымшысы осы уақыт ішінде шотына ай сайын 36 888 теңгеден ақша аударып отыру қажет. Жыл сайынғы мемлекеттік және банк сыйақысын қоса есептегенде жинақ сомасы үй бағасының 50 пайызына жеткен кезде қалған 3 480 000 теңге несие түрінде рәсімделеді. Ал, несие бойынша ай сайынғы төлем көлемі 32 200 теңгені құрайды. Әрине, егер бұл төлем мөлшерінен көбірек төлеп, несиеден ертерек құтылуға болады.
Қысқасы, Сыр елінде ғана жүзеге асатын «Орда» бағдарламасы алдағы 3 жыл ішінде талай қызылордалық отбасын қуанышқа бөлейтіні айқын. «Үйі бардың күйі бар» демекші, басында баспанасы бар адамның қашанда көңілі көтеріңкі болатыны сөзсіз. Сондықтанда жылдың басы қолжетімді бас­панадан басталғаны әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған бірегей жоба деп білеміз. Өз кезегінде, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс апасын арттыру» атты Жолдауындағы міндет-талаптар сапалы жүзеге асады деген сөз...


Әбдісамат ӘБДІШ.
19 қаңтар 2019 ж. 986 0