№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алматылық көпбалалы отбасылар 2 пайыздық мөлшерлемемен баспананы қалай ала алады

Алматылық көпбалалы отбасылар 2 пайыздық мөлшерлемемен баспананы қалай ала алады

Алматы қаласының әкімдігі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» бірге көпбалалы отбасылар үшін «Бақытты отбасы» бюджеттік несие беру бағдарламасын іске қосуда. Алматылық көпбалалы отбасылар жылдық 2 пайыз мөлшерлемемен баспана ала алады, деп хабарлайды «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Аталған бағдарлама Алматы қаласы әкімдігінде баспана алу үшін кезекте тұрған 1 276 алматылық көпбалалы отбасыларды пәтермен қамтамасыз етуге көмектеседі. Бүгінгі күннен бастап олардың барлығы бағдарламаға қатысу үшін «Бақытты отбасы» бағдарламасының сайтында өз өтініштерін бере алады.
Құжаттар 2019 жылдың 15 наурызына дейінгі 5 күн ішінде қабылданады. Содан кейін Тұрғын үй басқармасы өтінішті қарастырып, «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылардың тізімін бекітеді.
Бюджеттік несиелендіру бағдарламасына қатысушылар тұрғын үйді сатып алу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» жылдық 2 пайыз мөлшерлемемен алдын ала заем түрін алуларына болады. Жеңілдетілген несиені алу үшін заем сомасының 10 пайызын құрайтын мөлшерде алғашқы жарнаның болуы қажет. Бұған қоса, бюджеттік несиелендіру бағдарламасына қатысушы көп балалы отбасылар Алматы қаласы әкімдігінен құны 1 миллион теңгелік тұрғын үй сертификаттарын алады. Бұл қаражат заем алар кезде алғашқы жарнаны өтеуге арналған.
Несие тек жаңа тұрғын үйді сатып алу үшін беріледі. Заемның ең жоғарғы сомасы 15 миллион теңгеге тең.
«Мемлекет Басшысы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде көп балалы отбасыларды қолдап, олар үшін қолжетімді тұрғын үй санын арттырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жеңілдетілген несие беру механизмін дайындап шығаруды тапсырған. Қазіргі сәтте Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындарын қамтитын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа бір бағыт әзірленуде. Алматы қаласының әкімдігі жаңа ереженің бекітілмесін күтпестен, алдын ала қалалық бюджеттен қаражат бөліп, көп балалы отбасылар үшін «Бақытты отбасы» бюджеттік несиелендіру бағдарламасын іске қосты. Жақын арада бұл отбасылар жалға алған пәтерлерінен өздерінің жеке пәтерлеріне қоныс аударатын болады», - дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Алматылық тұрғындар «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтерді өздері іздеп табуы тиіс. Ол үшін оларға бір ай көлемінде уақыт беріледі. Пәтерлерді іздеп табуға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қызметкерлері көмектесетін болады. Қазір арнайы осы үшін банктің қалалық филиалында барлық параметрлерге сәйкес сатылымға қойылған тұрғын үйлердің тізімі жасақталуда.
Ең жоғарғы сомасы 15 миллион теңгені құрайтын заем бойынша несиені өтеу үшін 79 000 теңге қажет. Бұған қоса, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» төлем қабілеттілігін бағалау процесі жеңілдетілген тәртіпте өткізілетін болады. Бағдарламаға қатысушылар несиені өтеуге қажетті ай сайынғы төлем сомасы мен ересек кісіге шаққанда 5 АЕК (12 625 теңге) мөлшеріндегі өмір сүруге арналған ең төменгі соманы төлеу үшін жеке табысының жеткілікті екендігін растауы керек. Төлемқабілеттілікті бағалау кезінде балаларға жұмсалатын шығын түрлері есептелінбейді.
11 наурыз 2019 ж. 951 0