№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «7-20-25»: баспаналы болудың тиімді тетігі

«7-20-25»: баспаналы болудың тиімді тетігі


Президент өзінің бес әлеуметтік бастамасында әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін жария еткен болатын. Бұл өмірлік маңызы бар әлеуметтік бастама. «7-20-25». Бұл Елбасы ұсынған бағдарлама. Яғни, несие өсімінің мөлшерлемесімен жылына 7 пайыздан асырмау, бастапқы жарнаны 20 пайызға азайту, несие мерзімін 25 жылға дейін ұлғайту. Оған қоса, бұл бастама тұрғын үй құрылысының жаңа серпінмен дамуына дем береді.
Осы тұста, шілде айынан бастап, «7-20-25» бағдарламасы аясында баспаналы болғысы келетіндерге құжаттар қабылдау басталды. Бұл жөнінде нақтырақ Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев тұрғын үй бағдарламасының талаптары туралы айтып берді. Бас банкирдің айтуынша, бағдарлама шеңберінде сатылатын баспананың бағасы шектеулі. Яғни, бағалық коньюктураның өзгеруі көптеген факторларға байланысты екен. Оның ішінде ұсыныс пен сұранысқа тікелей тәуелді. Ал аталмыш бағдарламаның басты операторы – «Баспана» ипотекалық ұйым» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбековтың сөзіне сенсек, «7-20-25» жобасының негізгі өлшемдері өзгеріссіз қалады. Бұл түпкілікті мөлшерлеме жылдық 7 пайыз, комиссиясыз және қосымша ақысыз, тұрғын үй құнының бастапқы жарнасы – 20 пайыз, несиенің ең ұзақ мерзімі – 25 жыл. Ол тұрғын үйді сатып алу үшін Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаның ең жоғары шегі 25 млн. теңге, ал қалған өңірлер үшін – 15 млн. теңге. Сондай-ақ баспаналы болғысы келетін қатысушының ипотекалық қарызы болмауы керек. Оған қоса, бағдарлама қатысушысының кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірісі болуы тиіс.
Бүгінгі таңда «Баспана» ипотекалық ұйым» АҚ екінші деңгейлі «Центркредит», «Халық», «Еуразия», «Цесна», «АТФ», «РБК» және «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен» келісімге қол қойған. Ал енді бағдарлама аясында баспаналы болу үшін қандай құжат керек деген сауалға жауап іздесек. Бірінші, әлеуетті қарыз алушы банкке еңбек немесе кәсіпкерлік кірісінің болуын растайтын құжат. Екінші, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы туралы мәлімет. Үшінші, тұрғын үйінің болмауы туралы анықтама. Төртінші, сатып алатын тұрғын үй құжаттарын және тәуелсіз бағалаушының бағасын ұсынуы қажет.
Міне осы құжаттарды жинақтаған әрбір қазақстандық бағдарлама қатысушысы атана алады. Егер өзге түсінбеген не толық ақпарат білгісі келсе интернетті игілікке икемдеп, www.baspana72025.kz сайтына кіруге болады. Мұнда барлық мәлімет толыққанды жазылған.
Тақырыпқа тұздық болсын. Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілерге баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңірлердегі сауықтыруда жеңілдік беру шаралары әзірленуде. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді. Агенттік төрағасының айтуынша, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» бірлесіп, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге бағытталған «5-5-25» бағдарламасы жасалуда екен.
Иә, «үйі бардың күйі бар» демекші, басында баспанасы бар адамның қашанда көңілі көтеріңкі болатыны айқын. Оған қоса, Елбасы бес әлеуметтік бастаманың алғашқы қадамын қолжетімді баспанадан бастағанын әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған бірегей бағдарлама деп білеміз. Бұл бағытта Сыр елінде де қарқынды жұмыс бар. Алаштың анасы атанған Сыр өңірі бүгінде ауқымды құрылыс алаңына айналды. Облыс орталығының сол жақ жағалауында шығыстық стильдегі жаңа шаһардың қазығы қағылып, құрылыс қарқын алды. Келешекте 15 мөлтекауданнан тұратын жаңа қала бой көтереді. Осы тұста, Президент пәрменінен кейін, аймақ басшысы 3 жылға арналған «Орда» тұрғын үй құрылысы жол картасы жүзеге асатынын мәлімдеген болатын. Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен тұрғындардың аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді еместігін ескеріп, әсіресе, өңір тұрғындарының әлеуметтік осал тобын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді мақсат еткен бұл жобаның болашағы баянды. Өйткені, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд. теңгеден қаржы бөлуге шешім қабылдады. Бұл өз кезегінде көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен тұрғындардың аз қамтылған топтарға баспаналы болуға деген қолжетімділікті арттырмақ. Бұл да болса, бұқараның баспаналы болуға деген сенімін арттырады.

Әбдісамат ӘБДІШ.
10 шілде 2018 ж. 1 361 2

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 06:56
Finasteride With Free Shipping Visa Pharmace Online viagra Cialis Achat En Pharmacie Misoprostol Cytotec Prix

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 07:50
Viagra Price Cialis Drug 5 Mg Canada cialis cheapest online prices Cialis 5mg. 28 Comprimidos Precio Overnight Pharmacy Usa Xenical En Ligne