№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ОРДА»: БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА НАҚТЫ ҚАДАМ

«ОРДА»: БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА НАҚТЫ ҚАДАМ


Өткен аптада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған Үкімет мүшелері Елбасы тапсырған «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды.


Сапар барысында Сыр өңірінде жүзеге асып жатқан «Орда» бағдарламасымен әлеуметтік санаттағы жүздеген отбасы баспаналы болғаны белгілі болды. Бұл бастама тұрғын үй құрылысының жаңа серпінмен дамуына дем береді. Өздеріңізге белгілі, аймақ басшысының бастамасымен бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін 3 жылға бағытталған «Орда» тұрғын үй құрылысының жол картасы әзірленген болатын.
Ал, бұл әлеуметтік жоба аясында кімдер баспаналы бола алады деген сауалға тоқталсақ. Бірінші, көпбалалы немесе толық емес отбасылар. Екінші, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасылар. Үшінші, балалар үйінің тәрбиеленушілері, І, ІІ топтағы мүгедектер. Бесінші, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет мекемелерінің қызметкерлері. Соңғысы, 35-ке толмаған жас отбасылар.
2019 жылы аталмыш бағдарлама аясында қаланың сол жағалауына 246 пәтер пайдалануға беруге дайын болса, бағдарлама талаптары негізінде жарияланған конкурсқа 1500 тұрғын қатысқан. Жалпы, бұл пәтерге қол жеткізу үшін тамыр-таныс жалағаудың қажеті жоқ. Тек, банк есепшотыңыздағы жинағыңыз есепке алынады. Банк шотында кем дегенде 500 мың теңге жинағы бар және ең көп ұпай жинаған азаматтар бірінші кезекте баспаналы бола алады. Ал, ұпай саны депозит мерзімі мен оның қаншалықты жиі толтырылғанына байланысты анықталады.
Қысқасы, Сыр елінде ғана жүзеге асатын «Орда» бағдарламасы алдағы 3 жыл ішінде талай қызылордалық отбасын қуанышқа бөлейтіні айқын. «Үйі бардың күйі бар» демекші, басында баспанасы бар адамның қашанда көңілі көтеріңкі болатыны сөзсіз. Сондықтанда жылдың басы қолжетімді баспанадан басталғаны әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған бірегей жоба деп білеміз. Өз кезегінде, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы міндет-талаптар сапалы жүзеге асады деген сөз...

Әбдісамат ӘБДІШ.
17 сәуір 2019 ж. 732 0