№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БІРІНШІ БАСЫМДЫҚ: БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ БІРЕГЕЙ БАСТАМАСЫ

БІРІНШІ БАСЫМДЫҚ: БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ БІРЕГЕЙ БАСТАМАСЫ


Президент өзінің бес әлеуметтік бастамасында әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін жария еткен болатын. Бұл өмірлік маңызы бар әлеуметтік бастама. «7-20-25». Бұл Елбасы ұсынған бағдарлама. Яғни, несие өсімінің мөлшерлемесін жылына 7 пайыздан асырмау, бастапқы жарнаны 20 пайызға азайту, несие мерзімі 25 жылға дейін ұлғайту көзделген. Оған қоса, бұл бастама тұрғын үй құрылысының жаңа серпінмен дамуына дем береді.
Хош. Алаштың анасы атанған – Сыр өңірі бүгінде ауқымды құрылыс алаңына айналды. Облыс орталығының сол жақ жағалауында шығыстық стильдегі жаңа шаһардың қазығы қағылып, құрылыс қарқын алды. Келешекте 15 мөлтекауданнан тұратын жаңа қала бой көтереді. Осы тұста, Президент пәрменінен кейін, аймақ басшысы 3 жылға арналған «Орда» тұрғын үй құрылысы Жол картасы жүзеге асатынын мәлімдеген болатын. Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен тұрғындардың аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді еместігін ескеріп, әсіресе, өңір тұрғындарының әлеуметтік осал тобын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді мақсат еткен бұл жобаның болашағы баянды. Өйткені, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд. теңгеден қаржы бөлуге шешім қабылдады. Бұл өз кезегінде көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен тұрғындардың аз қамтылған топтарға баспаналы болуға деген қолжетімділікті арттырмақ.
Жоғарыда айтқандай, облыс орталығында көпқабатты тұрғын үй құрылысы жыл өткен сайын қарқын алуда. Оның айқын дәлелі, 2017 жылы 1983 пәтерге арналған 47 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүрсе, соның мемлекет қаржысы есебінен 1600 пәтерлік 36 үй пайдалануға берілген. Ал, облыс әкімінің 2018 жылға арналған іс-жоспарында барлық қаржы көздерінен 567 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру міндеттелген. Соңғы 4 жылда Сыр елінің бас қаласында 7 мыңнан астам тұрғыны бар 12 шағын аудан бой көтерген. Бұл да болса, бұқараның баспаналы болуға деген сенімін арттырады.
Тақырыпқа тұздық болсын. Статистикалық сандардан арылып, мақаланы тәмсілмен жалғастырсақ. Дана қазақта «Өз үйім – өлең төсегім» деген нақыл қалған. Тарихына тереңірек үңілсек, Жиренше шешенге барып тіреледі. Ертеректе Жиренше шешен хан сарайында тұрған күндері ханнан «үйіме барып келейін» деп сұрана берген көрінеді. Содан үйіне баруға рұқсат берген хан «Менің сарайымнан артық көретін бұның үйі қандай екен?» деп Жиреншенің шаңырағына аттанады. Іздестіре келіп қараса, Жиренше шешен «өлең» деп аталатын майда шөпті төсеп, үш таяқтың басын қосып байлап жасаған күркеде аяғы сыртқа шығып, рахаттанып ұйықтап жатыр екен. Міне, «өз үйім – өлең төсегім» деген сөз осыдан қалса керек-ті. Иә, «үйі жоқтың көңілінде алтын сарай жүреді» демекші, баспаналы болу – үлкен бақыт. Жасыратыны жоқ бүгінде Жаңақорғанда жер телімін алғысы келетін тұрғын көп. Олар шабандап қалған жер кезегін күтіп, әбден шаршаған. Мәселен, Жаңақорған кенті аумағынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға 4743 адам кезекте тұр. Бұл дегеніміз бүгінде кент орталығында 5 мыңның үстінде отбасы бар болса, келешегі кент көлемі екі есе ұлғаяды деген сөз. Біз өз кезегінде кенттің бас жоспарымен таныспаққа аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің маманы Зейнулла Әшірбектовты сөзге тарттық. Сақа сәулетшінің айтуынша, кент аумағы 2005 жылдан бастап ұлғая бастаған. Әуелі «Ипподром», «Алтыкрант», «Май бекеті» аумақтары игеріле бастаған. Соңыра, «Саяжай» мөлтекауданы қатарға қосылып, жер кезегі алдыға жылжыған.
– 2005 жылдан бастап жобаны жаңа мөлтекаудандар бойынша жасап келе жатырмыз. Олар «Май бекеті», «Ипподром», «Саяжай», «Алтыркант» аумағы. Бүгінде бұл жерлерге қоныстану жайы жобалап қалды. Ендігі кезекте, «Саяжай» мөлтекауданының жалғасы ретінде «Саяжай-1» және ел аузында «Ордакент» аталып кеткен аумақтан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізіне дейінгі аралықта әуелі «Қаратау», сосын «Қаратау-1» жаңа мөлтекауданын ашу бас жоспарда бар.
Алайда, бірінші кезекте бұл аумақтың түбегейлі жоспарлау жобасын жасаймыз, одан кейін жоба-сметалық құжаты жасалынады. Содан кейін инфрақұрылым жүйесі жүргізіледі. Міне, осы кезеңнен соң ғана, жер беріле бастайды. Инфрақұрылым жүйесі қомақты қаржыға келіп тірелетіні айқын. Сондықтан да әзірге мұның бәрі тек жоспар – дейді Зейнулла Әшірбеков.
Сәулетішінің сөзінен белгілі болғандай, «Ипподром», «Май бекеті» шағын ауданынан мектеп және балабақша салу мақсатында жоба-сметалық құжаттары жасалынып жатыр екен. Оған қоса, аудандық жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, кезегі бойынша жер учаскесін алған тұрғындардың 30 пайызы әлі күнге тұрғын үй салмаған. Бұл бағытта кент әкімдігі жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған 359 тұлғаға хабарлама жіберіпті. Яғни, алынған жер учаскенің мақсатты пайдаланбай тұрғанын анықтау үшін. Десе де, осы тұста айта кетерлік бір жайт бар. Аудандық басылымға жарияланған «жер сатылады» деген хабарландыруларды сараптай келе, «Саяжай», «Май бекеті» мөлтекауданында 10 соттық жер телімінің бағасы 300 мың теңдеген бастап, 500-600 мың теңге көлемінде болса, «Ипподром» аумағында 1 миллион теңге төңірегінде сатылатын жерлер бар екенін білдік. Яғни, мемлекеттің тегін жеріне телміріп жүрген тұрғындар осылай қалтасына қарап, қалаған мөлтекауданнан жер сатып алып жүр.
Иә, «үйі бардың күйі бар» демекші, басында баспанасы бар адамның қашанда көңілі көтеріңкі болатыны айқын. Оған қоса, Елбасы бес әлеуметтік бастаманың алғашқы қадамын қолжетімді баспадан бастағаны әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған бірегей бағдарлама деп білеміз.

Әбдісамат ӘБДІШ.
21 наурыз 2018 ж. 1 217 2

Гость Jeahulalf от 23 ақпан 2019 19:17
Best Price On Viagra 100mg La Viagra Y Sus Efectos Ag Guys Cialis viagra Cialis Generico Preр с–р’в§o

Гость Jeahulalf от 12 наурыз 2019 20:44
Free Viagra Pills In Reading Pa. Viagra. Best Price Keflex For Animals cialis generic Hives Infant Reaction Side Effect Amoxicillin Online Propecia No Prescription