Балабақшадағы тәрбиешілер талапқа сай ма?
Жергілікті жерді өзін-өзі басқаруға байланысты білім бөліміне қарайтын балабақшалар кент пен ауылдық округ әкімдігі құзіретіне берілді. Яғни, кадрды қабылдайтын жергілікті билік, ал, білім стандартына жауапты білім бөлімі.
Осы жерде шикілік бар екені даусыз. Яғни, осы тетікті жетілдіру қажеттілігі туындайды. Осыдан барып балабақшаларда біркелкі білім, тәрбие беру жүйесі әлі қалыптаспаған. Олай дейтініміз, қағазбастылықтың көкесі осында. Білім беру стандартына сай күнтізбе жасай алмаған топтың тәрбиешілері бар. Жоғарыда айтқандай, 644 педагогтың 503-і мүлдем санатсыз мамандар. Осыдан барып жылдық жоспарды дұрыс толтыра алмайтындар бар. Бұл көбіне мамандығы сайкес емес тәрбиешілерде кездеседі. Олардың «Зерек бала», «Тәй-тәй», «Алғашқы қадам» секілді толып жатқан бағдарламаның қайсысымен жүру керектігін білмей жүруі де мүмкін.
Сосын кәсіби білігі төмен кадр не істейді? Әрине, уақыт ұттыру қажет. Бұл мақсатта түрлі мультфилмдер мен сериалдар баланы алдауға таптырмайтын құрал. Бірде інім: «Әпше, Анандидың бүгінгі сериалы қызық болды», – деп келген болатын. Мұндай үрдіс барлық балабақшада бар деп айта алмаймыз. Бірақ, оны жоққа да шығара алмаймыз. Міне, мұндай тәрбиешілер 25 балаға қалай ие болады? Олар балаға қандай тәлім-тәрбие береді? Не үйретеді? Осы жағы бізге бұлдыр...
Мақпал ПӘТЕНОВА.