Жолдау: Балабақшадағы сапа пен тәрбиешілер еңбекақысын көтеру керек
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында балабақшаларда тәрбиешілер жалақысын көтеруді тапсырды.
«Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі күшейту талап етіледі. Бүгінде ғылым саласы баланың ойлау қабілетінің негізі, ақылы алты жасқа дейін қалыптасатынын айтуда. Осы мәселеге тиісті деңгейде мән беріліп отырған жоқ. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдіснамасын, тәрбиешілер мен балабақшадағы өзге де қызметкерлердің еңбегін төлеу жүйесін қайта қарап шығу керек», -деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының айтуынша, биыл Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып тиісті Жол картасын әзірлейді.
Қазинформбюро.