№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

  Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісі жазды. Халықаралық ақпарат агенттігінің тілші Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте көтерілген мәселелерді негізге алыпты.

  
Сыр өңірінде 3-6 жастағы балалар мектепке дейінгі мекемемен толық қамтылған. Балабақшаларда 6964 педагог қызмет етеді. Олардың ішінде, 48,2 пайызы – мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандары. Дегенмен жекеменшік балабақшалардағы көрсеткіш 2 есеге төмен.
Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруге орай арнайы Жол картасы әзірленіп жатқанын баяндады.
   – Біздің өңірде балабақшамен қамту ісі толық шешілді. Десе де жекеменшік балабақша сапасы сын көтере бермейді. Атап айтқанда, 2000-нан астам тәрбиешінің білім сапасы талапқа сай емес. Қазіргі таңда жаһандық желі беттерінде мұндай мекемелерде балаларды ұрып-соғу оқиғалары жайында айтылып жатады. Мұндай деректер біздің өңірде тіркеле қойған жоқ. Дегенмен ондай жағдайдың алдын алуымыз тиіс. Тәрбиешілердің біліктілік деңгейі – басты талаптың бірі. Ішкі мәдениеті төмен тәрбиеші мұндай мекемеде жұмыс жасамауы тиіс, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Сондай-ақ, білім беру мекемелерін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету бойынша нақты істер қолға алына бастады. Қазір өңірде жұмыс жасап жатқан 662 балабақшаның 241-і сондай жүйемен қамтамасыз етілген. Ол 36,4 пайызды құрайды. Ал мектептердің 87 пайызында осындай бейнебақылау камералары орнатылған. Дегенмен олардың көпшілігі білім беру орындарының сыртқы бөлігіне орнатылған. Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова осындай жүйемен қамтамасыз ету үшін 92 млн. теңге қажет екенін айтты.
Айта кетіні, биыл тамыз кеңесінде аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагиомв балабақшалардағы педагогтардың біліктілігін айтқан еді.
  Жалпы, балабақшадағы педагогтар саны 854-і құрайды. Оның ішінде, жоғары білімдісі – 622, арнаулы орта білімдісі – 180. Ал, жоғары санаттысы – 10 (1,2 пайыз), санатсыз педагогтар – 570 (66,7 пайыз) екен.



31 қазан 2018 ж. 1 001 0