Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 54

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Шаруасы ширақ

Мал шаруашылығы қазақтың әуел бастан оң жамбасына келетін атакәсіп екендігінде ешкімнің қақы жоқ. Осындай еңбек адамдарын дәріптеу, оларды бір марқайтып тастары рас. Биыл мерейі тасып, абыройы асқандар қатарында үздік шопаншы Алтай Ағаділов  бар. Біз шаруа озатымен арнайы жолығып, әңгімеге тартқан едік.Саналы ғұмырында жанқиярлық еңбектің қазанында қайнап, ел байлығын еселеп, халық ырысын арттырып жүрген азаматтар аз емес. Оның бірі – 10 жылдан бері шопан таяғына иелік етіп келе жатқан Алтай ағамыз. Негізі әкесі Ағаділов Арым осы тынымсыз тірлікпен 31 жыл айналысып, атадан балаға жалғасқан ата кәсіп екен. Кейіпкеріміз ержеткен соң қалаға оқуға аттанып, екі бірдей дипломның иегері атанып, мамандығына сәйкес еңбек жолын бастайды. Бірақ, ата қоныс, туған жер, қара шаңырақтың қасиеті жібермей 2013 ауылға көшіп келеді.  
Қызу шаруа майданындағы кейіпкерімізді сөзге тартқанымызда:
– Балалық шағымыз белгілі ғой, жастайымыздан тезек теріп, жусанның тамырын отынға жинап, ойынның не екенін ұмыттық. Еңбекке құштарлық кішкене кезімізден қалыптасты,-деп ағынан жарылды. Алдыма  мал салып көктем және жаз көкке жүгірген тоқтыларға ие болу – әрине, оңай шаруа емес. Тарыдай шашылған отардың басын қайыра алмай, әлекке түскен күндерінде көзіне жас тығылатын. Тіпті, аттан түсіп, жорғаның тізгінін жалына түйіп жіберіп, тоқтыларды жаяулатып жайған кезі де болды. Әсіресе, қылышын сүйретіп келген қыс мезгілінде қатты қиналатын. Жылдар өте келе сан алуан қиындықтарды артқа тастаған шопанның тәжірбиесі толысып, қой өсірудің құпиясына қанықтық. Мені әкем бала кезімнен қой бағудың қыр-сырына баулып, жайылым таңдаудың, көшіп-қонатын уақыттардың тиімді тұстарын үйретті. Бәрі де төгілген ащы тер мен жаншылмас жігердің арқасы.
Ширек ғасырға жуық ата кәсіпті серік еткен кейіпкеріміздің қой санын арттыруда үлесі зор.
– Малдың қоңын арттыруда неге мән беру керек?
– Жаз жайлау, қыста қыстау: шөбі шүйгін жайылымдық жерді таңдау маңызды. Сосын шөптің түйнеп, піскен кезінде жайған абзал. Ондай шүйгінге аузы тиген қой тез семіреді, қыста қоңын бермейді.
–Күн ұзақ қойдың артында жүріп шаршамайсыз ба?
– Әркім өз ісінің кәсіби маманы болуы тиіс. Өз ісін жақсы көруі қажет. Сонда ғана іс өнімді әрі берекелі болады.
–Жүлдеңіз құтты болсын!
– Біздікі күнделікті жұмысымызды дұрыс атқару. Марапатқа лайықты деп ұсынған еккен, еңбегімізді елегені болар, – деді кейіпкеріміз.
– Таңның атысы, күннің батысы білекті түріп, белді бекем буып, қойдың қоңын арттыруда Алтай ағамыздың еңбегі зор.
Осы ретте, малшылардың «Мал – баққанға бітеді» деген нақыл сөзі бекер айтылмағанын, мал бағудың да үлкен қыр-сыры мол үлкен ғылым екеніне көз жеткіздік. Бұл мәселеде шаруа қожалығының ұтқаны көп.
2019 жылдан бері «Саудагүл» шаруа қожалығын ашып, бүгінде 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жанында жүрген жұмысшылары оның жауапкершілігі зор, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, адамгершілігі мол екенін растайды. Өйткені, нардай жүкті иығына иілмей арқалап жүрген жанның жерге қаратқан күні жоқ. Былтырғы жылдың көрсеткіші бойынша, 100 аналықтан 100 бас қозы алса, биыл мал басының аман сақталуын 95 пайызға қамтамасыз етті. Үстеме салмақ өндіруде де биік көрсеткішке жетті. Әр қойдан жүн өндіруде жоспарлы өнімін алды. Бұл қарекеті басшылық тарапынан ерекше бағаланып, шаруашылықтың үздік шопаны атанды. Жылдағы міндетінше, аналық қой малын қолдан ұрықтандырып, қыс айларында малдың қоңдылығын түсірмей, үлкен іс жүргізуде.
Түздегі жұмысын ақсатпаған Алтай Ағаділов шаңырақтағы жарық-жылуын да маздатып отырған жайы бар. Тәрбие-тәлімге қанықтырып өсірген ұлы ұяға, қыздары қияға қонды. Батыл қадамнан тайсалмай, бабалар көшін ертеңге жалғап, ақ-адал ұрпақ өрбіткен осындай азаматтарымыз  елдің  есіндеел  құрметтісі болып қала бермек.
06 шілде 2023 ж. 163 0