№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Алтын дән-2021»: Озат ауданның озық істері

«Алтын дән-2021»: Озат ауданның озық істері


Балапанды күзде санайтын берекелі мезгілде дала еңбеккерлерінің жұмысы қорытындыланып, үздіктері анықталып, мерейі таситыны белгілі ғой! «Алтын дән-2021» мерекелік іс-шарасына облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, дала еңбеккерлерін марапат биігіне шығарды.


Жыл қорытындысымен мал шаруа­шылығы саласында үздік жетістікке жеткен Жаңақорған «Озат аудан» атанды.
Қаратауды – жайлау, Сырды – күздеу, Қызылқұмды – қыстау еткен шаруалар төрт түліктің басын арттырып, асыл тұқымды мал шаруашылығына бетбұрыс бұра бастады. Статистиканы сөйлетсек, Сыр өңірінде 660811 қой болса, соның 309850-ы біздің ауданда. Аудандар арасында мүйізді ірі қараның басы (саны) біздің ауданда басым. Мәселен, Аралда – 24743, Шиеліде – 44402, Жаңақорғанда – 46754 мүйізді ірі қара бар.
Бұл – облыстағы төрт түліктің жар­тысына жуығы Жаңақорған ауда­нында деген сөз. Яғни мал шаруашылығы бағытында бәсеке жоғары.
Облыстың үздік дала еңбеккерлерінің басын қосқан салтанатты шарада облыстың «Үздік шопаны» Алтай Ағаділов атанды. Бұл да ауданда мал шаруашылығының дамып жатқанына берілген баға екені анық.
Шикізатты өңдеуге және өнімді өндіруге қойылатын талап күшейіп келеді. Олсыз экономикалық тұрғыда даму мүмкін емес. Бұл бағытында да ілгерушілік бар. Оның дәлелі «Жан-Арай» ЖШС басшысы Бақдаулет Мақашов «Озат өңдеу кәсіпорны» номинациясына ие болды.
Серіктестік жыл басынан бері 12000 тонна күріш өңдеп, оның 6000 тоннасынан астамын экспортқа шығарды. Мал азығымен қамтамасыз ету бағытында 5000 тонна құрама жем дайындады.
Кез-келген істің өнімді болуы дала еңбеккерлерінің кәсіби біліктілігі мен өз ісіне деген адалдығынан көрінеді. Бұл тұрғыда алғанда біздің ауданда талапты мамандар көп. Соның бірі – «Бектас» ШҚ бақша өсірушісі Құрбанай Тұрсынбаев. Жалпы Жаңақорған ауда­нының диқандарының бақша өсіруден тәжірибесі мол. Кейінгі жылдары жылы­жай кешенінде дәнін көктетіп, оны ерте көктемде көшетпен отырғызуды қолданып жүр. Бұл тәсіл – оңтүстік аймақтағы шаруалармен нарықта бәсе­келесуге мүмкіндік береді.
Құрбанай Әбділләұлы бақша өсіруде заманауи технология қолданудың арқа­сында қарбыздың әр гектарынан 600 центнерден өнімін алды. Осы еңбегі ескеріліп салтанатты шарада «Озат бақша өсіруші» номинациясымен мара­патталды.
Ал, «Озат бидай өсіруші» аталымы Әбіласан Бегмановқа бұйырды. «Қожа­хан ата» ШҚ бидай өсірушісі бидайдың әр гектарынан 40 центнер өнім алуды қамтамасыз етті.
– Биылғы құрғақшылық шаруаларға ауыр тиді. Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің тапсырмасына сай Сыр беткейдегі инженерлік жерлерде және Қызылқұмдағы құдықтарды түгелдеп, оларды ашып-тазалауды, сондай-ақ жаңадан қазу жұмысы қолға алынды.
Біздің ауданда мал шаруашылығы, оның ішінде, асылдандыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Озат аудан» номинациясына ие болуымыз соның нәтижесі, – деді ауылшаруашылығы бө­лі­мінің басшысы Талғат Зейдалиев.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
26 қазан 2021 ж. 506 0