№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «АЛТЫН АЛТАЙ» ҚАЙ ӨҢІР?

«АЛТЫН АЛТАЙ» ҚАЙ ӨҢІР?


 
Өскеменде өтіп жатқан «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференцияда Шығыс Қазақстанның атауын Алтын Алтай деген атқа ауыстыру ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Конференцияның пленарлық отырысында сөз алған академик Ғарифолла Есім «Алтын адамның» түр-түрі табылып жатқан Шығыс Қазақстанға Алтын Алтай  атауы жарасады деген пікір айтты.
«Тоналып жеткен алтынның өзі үлкен байлық. Алтын адам архетип қана емес, ол алтын идея. Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан қылып өзгертті.  Мағжан ақын бұл өңірді Алтын Алтай деп жырға қосқан. Елбасы жолымен Шығыс Қазақстан облысын Алтын Алтай деп атаса, керемет болар еді. Батыс Қазақстан жұрты өздерін Ақ Жайық деп атауды баяғыдан ұсынып келеді. Сондықтан бұл өңірге Алтын Алтай деген атау жарасады»  - деді философ.
07 қыркүйек 2018 ж. 1 126 0