
Мемлекет басшысының пікірінше, қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды.
"Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық. Жастар "Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау" деп түсінеді. Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді....








