Топ-баннер

№14 (8928) 21

21 ақпан 2026 ж.

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » «QAISAR» партиялық жобасы аясында Жастармен «Отаныңа адал бол» атты кездесу

«QAISAR» партиялық жобасы аясында Жастармен «Отаныңа адал бол» атты кездесу


Бүгін Жастар ресурстық орталығында «QAISAR» партиялық жобасы аясында «Отаныңа адал бол» атты тақырыпта Жастармен кездесу өтті.

Кездесуге аудандық «Жастар рухы» жастар қанатының аудандық бөлімше басшысы Нұрмұқасан Әуезхан және аудан жастары қатысты. «Qaisar» партиялық жобасының басты мақсаты – жастардың бойында патриоттық сананы және әскери қызметке деген қызығушылықты қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру. Отан алдындағы парызын өтеу әрбір ер жігіттің азаматтық борышы, тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көк туымызды әрдайым биікке көтеру бойында Отансүйгіштік қасиет пен патриоттық сезімі бар жастардың қолында екендігін айта келе, әскерге шақырудың талаптары мен тәртібін жастарға кеңінен түсіндіріп берді. Жастардың бойында отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери патриоттық рухты қалыптастыру.

Сонымен қатар, қатысушылар еркін пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.
Шараның мақсаты – жас буынның бойында патриоттық сезімді нығайту және ел болашағына деген жауапкершілікті сезіну.
10 қыркүйек 2025 ж. 127 0