№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қандөз ауылында "Саналы ата-ана" тақырыбында ата-аналармен кездесу болып өтті.

Қандөз ауылында "Саналы ата-ана" тақырыбында ата-аналармен кездесу болып өтті.


Бүгін 10-қыркүйек күні Ғ.Мұратбаев атындағы №240 орта мектебінде "Алал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Саналы ата-ана" тақырыбында ата-аналармен кездесу болып өтті.
Мақсаты: қоғамдағы ата- ана мәдениетін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау.
Кездесу барысында директордың тәрбие ісі меңгерушісі Гүлнұр Құттыбекқызы мен ұлдар ұйымының жетекшісі Абылайхан Сырманұлы сөз алып, барша ата-аналарды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар отбасы – тәрбиенің негізі, қоғамның айнасы екенін атап өтіп, ата-ана мен баланың арасындағы сыйластық, мейірім, сенім сияқты құндылықтарды дәріптеді.
Жиналысқа қатысқан ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін, ұсыныстарын айтты.Шара соңында жиынға қатысқан ата-аналар тәрбие жұмысының табысты болуы, бала мен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықта екенін түсініп тарқасты.
Саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін саналы ата-ана болуымыз керек. Ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелеп, баларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық!
10 қыркүйек 2025 ж. 799 0