№20 (8934) 17

17 наурыз 2026 ж.

№19 (8933) 14

14 наурыз 2026 ж.

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік төлемдер уақытылы төленуі тиіс

Әлеуметтік төлемдер уақытылы төленуі тиіс

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Болат Досымовтың қатысуымен Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасына сәйкес ауданда әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия отырысы өтті.
Кездесу барысында Болат Бекайдарұлы хабарлама жасап, әлеуметтік төлемдерді уақытылы төлеудің маңыздылығына тоқталды.
–Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Еңбек тәуекелдерінің картасы 2024 жылы іске қосылып, кәсіпорындарда туындауы мүмкін еңбек шиеленістерінің алдын алу, мерзімінде шаралар қабылдау бағытында жұмыс жасап келеді.
Бұл жүйеде ай сайын міндетті төлемдердің (зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударым, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) төленуіне қатысты мониторинг жүргізіледі. Атап айтқанда, төлемдерді кешіктіру немесе мүлдем жүргізбеу,төлемшілер санының азаюы факторларын ескеріп, жоғары және орта тәуекелі бар жұмыс берушілер қалыптастырылады, – деді Болат Досымов.
Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың қаңтар және ақпан айларында жоғары тәуекелі бар 56 кәсіпорынның 9-ы және орта тәуекелі бар 125 кәсіпорынның 20-ы Жаңақорған ауданынан болды.
Талдау нәтижесімен, кәсіпорындардың 95%-да жоғары тәуекелде болуының негізгі себептері қаржылық жағдайға байланысты, яғни міндетті төлемдердің мерзімінде жүргізілмеуі есебінен өсім алған.
2026 жылдың наурыз айында облыс бойынша 2994 кәсіпорын мониторингке алынған. Оның ішінде, Жаңақорған ауданы 5 кәсіпорын жоғары және 10 мекеме орта деңгейде болып отыр.
Атап өту керек, ҚР Салық кодексінің 36-бабының 2-тармағына сәйкес, салық төлеуші (салық агенті), яғни жұмыс беруші салықтық міндеттемелерді уақытылы және толық көлемде орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 256-бабына сәйкес, салық төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды, жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін, агенттің міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін жауаптылығына мемлекеттік кірістер органдары міндетті делінген.
Жоғарыдағының негізінде, жұмыс берушілер тарапынан әлеуметтік аударымдарды төлемеу немесе толық төлемеу жағдайы бойынша себептерін анықтау немесе шара қолдану құзыреті мемлекеттік кірістер органдарына берілген.
Сонымен қатар Еңбек тәуекелдер картасына сәйкес кәсіпорындардың тәуекел тобына енгізілу себептерінің қатарына жұмыс берушімен жұмыскерлерін еңбек міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының болмауы.
ҚР Еңбек кодексінің 23-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті.
Осы ретте, аталған талап орындалмаған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 230-бабының2-бөлігіне сәйкес, міндетті сақтандыру шартын жасаспауы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 160 ΑΕΚ, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 ΑΕΚ мөлшерінде айыппұл салынады.
Тағы бір мәселе, жұмыс берушілер тарапынан Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне деректерді енгізу қағидаларын қатаң сақталуы қажет.
18 наурыз 2026 ж. 142 0