№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ОТБАСЫ – БАҚЫТ ПЕН БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ

ОТБАСЫ – БАҚЫТ ПЕН БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ


Отбасы күніне арналған апталық жоспар аясында Жаңақорған аудандық АХАТ бөлімінің неке қию залында ерекше мазмұндағы салтанатты шара өтті.
Іс-шара барысында бір-біріне адалдыққа ант берген жас жұбайлардың некесі қиылып, оларға неке қию туралы куәліктері салтанатты түрде табысталды. Жаңа өмірге қадам басқан жас отауларға еңбек және тыл ардагері, ауданның Құрметті азаматы Шайдарбек қажы Әшімұлы жүрекжарды тілегін айтып, ақ батасын берді.
Сонымен қатар дүние есігін ашқан сәбилердің ата-аналарына туу туралы куәліктері табысталса, ұзақ жылдар адал еңбегімен елге үлгі болған ардақты жандарға зейнеткерлік куәліктері тапсырылды. Бұл тағылымды сәт ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісіне айналды.
Шара мерекелік ән-шашумен өрнектеліп, қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар ұсынылды.
10 қыркүйек 2025 ж. 806 0