Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақ радиосының жұлдызы – Сауық Жақановамен кездесу

Қазақ радиосының жұлдызы – Сауық Жақановамен кездесу


Қорқыт ата атындағы Қызылорода университетінде Қазақ радиосының аңызы, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, диктор Сауық Жақановамен тағылымды кездесу өтті.
Жиынға Германияның Мюнхен қаласынан арнайы келген саясат ғылымдарының докторы, қазақ қандасы Абдұлқайым Кесижи, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Бас редакторы, география ғылымдарының кандидаты, доцент Қали Омаров, Гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры Сағат Тайман, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Сауық Мәсіғұтқызының шәкірті Жазира Амантайқызы, халықаралық «Жанашыр» қоғамының президенті, белгілі журналист Жаңыл Әпетова және Жаңақорған ауданының өнерпазы Сара Бекахметова, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты — қазақ радиосының алтын дауысы Сауық Мәсіғұтқызының шығармашылығы мен өмір жолын насихаттау, жас ұрпаққа ұлттық мәдениет пен тілдің маңыздылығын жеткізу, сондай-ақ студенттер мен ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға үлес қосу.
Шара барысында Сауық Жақанова өз тәжірибесімен бөлісіп, радио және журналистика саласындағы тыңдаушыларға пайдалы кеңестер берді.
Кездесу соңында қатысушылар Сауық Жақанованың қазақ радиосы мен мәдениетіне қосқан мол үлесін атап өтіп, оның өнегелі өмірі мен шығармашылығынан үлгі алатындарын жеткізді. Осындай тағылымды жүздесулер жастардың рухани әлемін байытып, ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуына ерекше ықпал ететіні сөзсіз. Университет ұжымы алдағы уақытта да осындай маңызды шараларды ұйымдастыруды жалғастыра бермек.
10 қыркүйек 2025 ж. 632 0