№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Химиялық улану

Химиялық улану



Химиялық улану – бұл адамның организміне уытты (улы) заттардың тыныс алу жолдары, тері немесе асқорыту жүйесі арқылы енуі нәтижесінде болатын зақымдану.



Себептері:
• Еңбекті қорғау ережелерін бұзу.
• Улы заттардың ағуы немесе төгілуі.
• Химикаттарды дұрыс сақтамау немесе тасымалдау.
• Желдету жүйесінің істен шығуы.
• Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбау.


Өндірістік нысандарда химиялық уланулардың алдын алу:
1.Жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану:
Жұмысшылар арнайы киім, қолғап, қорғаныш көзілдірігі, респиратор немесе газтұтқыш киюі тиіс.
2.Жабдықтардың күйін бақылау:
Желдету және технологиялық жүйелердің жарамдылығын, герметикалығын жүйелі түрде тексеру.
3.Жұмысшыларды оқыту:
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізу, химиялық заттармен жұмыс істеу ережелерін және төтенше жағдайдағы әрекеттерді үйрету.
4.Желдету және зиянды заттарды жою жүйесін ұйымдастыру:
Жергілікті және жалпы желдету жүйелерін орнату, тартқыш шкафтарды қолдану.
5.Химиялық заттарды сақтау ережелерін сақтау:
Сақтау шарттарын (температура, ылғалдылық) сақтау, үйлеспейтін заттарды бөлек сақтау.
6.Медициналық бақылау:
Жұмысшылардың, әсіресе қауіпті заттармен жұмыс істейтіндердің денсаулығын үнемі тексеру.
7.Апатқа дайын болу:
Апатты жою жоспарының, дәрі қобдишасының, залалсыздандыру және эвакуациялау құралдарының болуы.
Жаңақорған аудандық СЭББ
басшы орынбасары Ж.Нұрсұлтанова
12 сәуір 2026 ж. 5 632 0