
Балаңызды бесiкке бөлейсiз бе?
Жақында ағайындас жеңгем тұла бойы тұңғышын босанып, шекесi торсықтай ұлды өмiрге алып келдi. Баланы қырқынан шығарып, келiнiнiң буыны бекiгесiн, енесi қазақтың дәстүрiне сай бесiкке салу рәсiмiн жасады. Бiрақ, жеңгемiз төркiнiне бесiктiң орнына кереует алыңдар десе керек. Анасы да қызының көңiлiн қалдырғысы...