№39 (8750) 18

18 мамыр 2024 ж.

№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады?

Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады?



Оқу-ағарту министрлігі "Орта білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы" бұйрықтың жобасын жария талқылау үшін ұсынды.

Құжатқа сәйкес, оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамыры аралығында болады. 1–11 (12) сынып аралығындағы тоқсандар мен демалыс күндері келесідей болмақ: 

I тоқсанда - сегіз оқу аптасы болады, күзгі каникулы – 7 күн (2023 жылдың 30 қазанынан 5 қарашасына дейін);
II тоқсанда - сегіз оқу аптасы болады, қысқы каникул – 10 күн (2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарына дейін);
III тоқсанда – 10 оқу аптасы болады, көктемдегі каникул – 11 күн (2024 жылдың 21-31 наурызы аралығы); бірінші сыныптар үшін қосымша каникулдар 7 күн болмақ (2024 жылдың 5-11 ақпан аралығы);
IV тоқсанда – сегіз оқу аптасы болады. 
Осылайша бірінші сыныптар үшін оқу жылы 33 оқу аптасына, қалғандары үшін 34 оқу аптасына созылмақ. 

Құжаттар 11 қыркүйекке дейін көпшіліктің талқылауында болады.
26 тамыз 2023 ж. 141 0