САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕГІ НЫСАНҒА КІРУ ТӘРТІБІ
Салықтық тексеру жүргізу барысында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін аумаққа және үй-жайларға кіру тәртібі заңнамамен реттеледі. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 168-бабында салықтық тексеру жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайларға кіру мәселелері қарастырылған.
Бұл талап салықтық тексерудің заңды әрі белгіленген тәртіппен жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Кәсіпкерлер тексеру жүргізуге қатысты заңды талаптарды орындап, тексеру барысында қажетті жағдайларды қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар өздерінің заңды құқықтарын білуі маңызды. Салық органдары мен кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимыл заңдылық пен өзара құрмет қағидаттарына негізделуі тиіс.
Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Салықтық әкімшелендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы
Махан Руслан Дастанұлы

