ТАҚЫРЫПТЫҚ САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ

Тақырыптық салықтық тексеру – салық төлеушінің жекелеген салық түрлері, бюджетке төленетін төлемдер және әлеуметтік міндеттемелер бойынша талаптарды орындауын тексеру нысаны. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 156-бабына сәйкес, мұндай тексеру жекелеген салық міндеттемелерінің орындалуын, әлеуметтік төлемдердің дұрыс есептелуі мен уақытылы аударылуын және Кодексте көзделген өзге де мәселелерді қамтиды.
Тақырыптық тексеру барысында нақты мәселелер бойынша ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына назар аударылады. Кәсіпкерлер мен ұйымдар салықтық есептілікті дұрыс қалыптастырып, барлық қажетті құжаттарды заңнама талаптарына сәйкес жүргізуі тиіс. Салық міндеттемелерін дұрыс орындау – салық төлеушінің жауапкершілігін көрсетеді.
Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Салықтық әкімшелендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Махан Руслан Дастанұлы