№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасөспірім уақыты зая кетпесін

Жасөспірім уақыты зая кетпесін


Қазір мектеп жасындағылар сабаққа дайындалып жүр. Бірақ білім ошағына барған баланың көп уақыты телефонға телміріп, тик-токпен уақыт өткізіп жатқаны сіз бен бізге белгілі. Сол себепті де үйдегі атаанасы жас ұрпақтың жеке басын дамыту үшін күнделікті әр сағатын жоспарлап, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спортпен шұғылдануға, рухани әлемін байытуға, көкжиегін кеңейтуге, достарымен қарымқатынас жасауға, ойнауға, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға көңіл бөлуі керек секілді.

  Қазіргі таңда телефонға телмірген балалар неше түрліні көреді. Бұрындары баланы даладан үйге кіргізе алмасақ, қазіргілер үйден шықпайды. Неге дейсіз бе? Барлығының қолында бір-бір телефон. Үлкендері түгілі кішкентайларының өзі осы телефонға арбалған. Сол себепті, құлақ тыныштығын ойламай, баланың не көріп, кіммен сөйлесетініне де мән бергеніміз дұрыс. Үйде немереден бөлек жиендер де бар. Ата-анасы қырда тұрады. Барлығының сабақ үлгерімі жақсы. Бос уақыт дегенде сабақтан бөлек қосымша үйірмелерге қатысады. Одан қалды үй шаруасына көмектесіп, іні-сіңілілерін қарайды. Арасында телефонды қолданады. Қарап отырсақ, бүгінде трендке айналған бағдарламалар саналуан әрі кең қолданысқа ие. Әсіресе, вайнер, блогер, тиктокер болғысы келетін жас буын өсіп келе жатыр. Өкініштісі пайдалы әрі қызықтыларын санасаң саусақ бітіп, ыржың-тыржыңды, мән-мағынасы жоғының шегіне еш жете алмайсың.

Осы орайда айта кетейік, балаларды кішкентайынан тәрбиелеудің әдісі шығармашылыққа баулу, бейімдеу өте жақсы әсер етеді. Баланың ой-өрісін дамытуға, мінез-құлықтарын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейтуге, адамгершілікке, әдемілікке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Әсіресе бастауыш сынып балалары өздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз әңгімелерді, батырлар туралы жырды сүйсініп оқиды. Әлбетте, қазіргі балалар қайдан кітап оқиды, көргендері тик-ток, түсіргендері неше түрлі вайндар деуіңіз мүмкін. Әлбетте, сіздің ойыңыз дұрыс. Алайда сол екен деп, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Сіз өзіңіз балаға ертегі оқып беріп, кітапқа деген қызығушылығын арттыруға болады.

Перизат Әбілқасымова, тәрбиеші
26 тамыз 2023 ж. 659 0