№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жемқорлық - қоғам дерті

Жемқорлық - қоғам дерті

Қазіргі қоғамның ең өзекті мәселесі сыбайлас жемқорлық болса, оны жою немесе алдын алуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Қарулы күштердегі әскери бөлімдер мен мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыруда көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Бұл әрбір қызметкер үшін аса маңызды шара, сондықтан бұл жүкте кез келген маман болсын тыс қалмауы тиіс.


Әскерилердің құқықтық сауаттылығы мен мәдениеттілігін нығайту мақсатында Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің офицерлерімен насихат, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Негізгі бағыт «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022- 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес» әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу және мүлде болдырмау мақсаты болатын. Сонымен қатар ҚР ҚК Әскери полиция органдарының негізгі іс-шаралар жоспарының талаптарына сәйкес «Құмар ойындарды тоқтату» акциясы, «Жарғыны сақта, достықты бағала, жақынды құрметте!» (қол жұмсаумен қызмет бабын пайдалану мен әскери қызметшілері арасында жарғылық қағидалардың бұзылуы) атты он күндік іс-шарасы аясында және «Қауіпсіз жол» бойынша жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету айлық профилактикалық жұмыстары ұйымдастырылды.


Бұл насихаттау жұмыстары Жаңақорған ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза, ҚР Қылымыстық кодексіндегі және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген талаптарды дәріс ұйымдастыру арқылы өткізілді.

Сондай-ақ, әскери қызметшілерге 2023 жылғы 1-ші тоқсанда орын алған қылмыстық және әкімшілік деректер бойынша сот қаулыларымен сот үкімдері жеткізілді.

– Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар бәрімізден өз ісімізге адал болуды, адалдығымызға күмән келтірмеуді, құқық бұзушылықтардан ада болуды талап етеді, – деді Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны Бактияр Дауренкулов.

Нұрбол ЕСЕНАЛИЕВ, Жаңақорған аудандық
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник
26 тамыз 2023 ж. 266 0