Барша мұсылманның екі мейрамы болса, соның бірі – Ораза айт. Биыл Ораза айттың алғашқы күні 21 сәуірге сәйкес келіп отыр. Бұл күні отыз күн ораза ұстаған жандар Рамазан айымен қоштасып, ауыздарын ашады. Туған-туысқандарын аралап, жоқ-жітік, міскіндерге көмек көрсетеді. Осынау қасиетті мерекенің тарихы қандай...