№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Пациенттердің көбі «қабылдауды қосып жазғаны» үшін қалдырған шағымдарын қайтарып алуда – ӘМСҚ

Пациенттердің көбі «қабылдауды қосып жазғаны» үшін қалдырған шағымдарын қайтарып алуда – ӘМСҚ


2022 жылы 52 мыңнан астам қабылдауды «қосып жазғаны» туралы баспасөз релизі жарияланған соң, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына азаматтардан көрсетілмеген медициналық қызметтер бойынша өтініштер түсе бастады.
Атап айтар болсақ, 7 күннің ішінде жалған қабылдаулар бойынша шамамен 1200 хат келіп түсті. Салыстыратын болсақ, 2022 жылы осындай өтініштердің саны 80-нен асқан емес.
Қор пациенттерге азаматтық ұстанымын белсенді көрсеткендері және жалған деректермен күреске үлес қосқандары үшін алғыс білдіреді.
Алайда, Қор сарапшылары келіп түскен өтініштерге проактивті мониторинг жүргізу кезінде жүгінушілердің жартысынан көбі (730) шағымдарын кері қайтарып алғанын байқаған. Себебін анықтаған кезде азаматтар бірауыздан медициналық ұйымдардың тез арада шағымдарын қайтарып алуды өтінгендерін айтты.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «қосып жазған» ақпаратты анықтаған жағдайда медициналық ұйымдардың өтініштеріне қарамастан бірден хабарлауға шақырады. Ал Қорға жалған дерек бойынша ресми өтініш жазған соң, медициналық ұйымнан қоңырау шалып, оны қайтарып алуды өтінсе, бірден бас тартыңыз. Кері жағдайда сіз өзіңізді құқық бұзушылық жасауға итермелейсіз.
Сізге жалған медициналық қызметтер («қосып жазулар») тағайындалғанын қалай білуге болады?
еGOV сайтында немесе медициналық ақпараттық жүйелердің мобильді қосымшалары арқылы (мысалы, Damumed және т.б.) алынған медициналық қызметтердің дерегін тексеріңіз. «Қосып жазылған», яғни шын мәнінде медициналық қызметтер көрсетілмеген жағдайда бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарлауды сұраймыз.
Жалған деректер туралы Қорға қалай хабарлауға болады?
Барып алмаған медициналық қызметіңіз көрсетілді деген жазбаны анықтаған бойда Қорға жүгіну керек. Мұны Telegram-дағы @SaqtandyryBot боты арқылы жасауға болады: «1406-ға өтініш қалдыру» бөлімін таңдап, ЖСН енгізіп, өтініш мәтінін толтырып, еGOV немесе медициналық ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасынан (мысалы, Damumed) хабарлама скриншотын тіркеп жібересіз.
Көптеген азаматтар «жалған қабылдаулар» туралы әлеуметтік желілерде жазады. Бірақ онда қалдырылған хабарламалар мен комментарийлер ресми тексеруге негіз бола алмайды.
Бұл неге өте маңызды?
Себебі медициналық мекеме сізге көрсетілмеген медициналық көмекті көрсетілді деп жазып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем шотын тапсырады.
Жалған қабылдау дерегі расталған жағдайда Қор медициналық ұйымға үш есе мөлшерде айыппұл салады. Бұл қаражат қордың шотына қайтарылады да, ақша қайтадан сақтандырылған азаматтарға шынымен көрсетілген медициналық қызметтерді төлеуге жұмсалады.
18 сәуір 2023 ж. 147 0