№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Айттан айтқа амандықта жетейік!

Айттан айтқа амандықта жетейік!

Барша мұсылманның екі мейрамы болса, соның бірі – Ораза айт. Биыл Ораза айттың алғашқы күні 21 сәуірге сәйкес келіп отыр. Бұл күні отыз күн ораза ұстаған жандар Рамазан айымен қоштасып, ауыздарын ашады. Туған-туысқандарын аралап, жоқ-жітік, міскіндерге көмек көрсетеді. Осынау қасиетті мерекенің тарихы қандай және оны қалай тиімді өткізген дұрыс деген сауалға тоқталсақ. 

«Айт» – бұл араб тілінен аударғанда «мереке», «мейрам» дегенді білдіреді. Мағынасы оразаның «қарымтасы» берілетін жыл сайын қайталанып келетін қуаныш пен шаттыққа толы мереке. Бұл күні бір ай бойы ораза ұстаған адам марапат, құрметке ие болады. Ислам тарихына үңілсек, Ораза айт хижри жыл санақ бойынша 624 жылдан бері аталып келеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Меккеден Мәдинаға көшіп келгенде, жергілікті халықтың тойлайтын екі мейрамы бар еді. Алланың елшісі жұрттан мұның қандай мереке екенін сұрағанда «Исламнан бұрын тойлап келе жатқан мерекеміз» деген жауап естиді. Сонда Расулулла (с.ғ.с): «Алла сіздерге бұдан да ұлық екі мейрам берді. Олар Рамазан және Құрбан айттары» деген екен. Жалпы бұл күнді қалай өткізген дұрыс, осыған келсек. Айт барша мұсылмандардың мерекесі болғандықтан, оны еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін сезінуі тиіс. Сыйлықтар таратылып, мерекелік мәдени шаралар ұйымдастыру абзал амалға жатады. Жүзден аса ұлт өкілі тұрып жатқан еліміздегі әрбір азамат осы мерекенің лебін сезінуі қажет. Ұлтаралық, дінаралық байланысты күшейту мақсатында айт мейрамына орай құттықтаулар таратылып, арнайы дастархандар жайылады. «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, сүйіспеншіліктерің артады» деген хадисті негізге алған қазақ даласында қонақкәдесі, сүйінші, байғазы, тағы басқа адамдарды жақындыққа апаратын амалдар көп. Солардың бірі – айттық сұрау. Айт мерекесімен құттықтап, айттық сұраған жанның бетін қайтармай қолда бар сыйлықтарын аямаған. Міне, бұл ғасырлар өте дәстүрге айналып, бүлдіршіндер үшін айттың бір керемет көрінісі болып есте қалған. Қуаныш пен шаттыққа толы бұл қос мейрамда мұсылмандар ораза ұстамайды. Сондай-ақ Айт күні ерте тұрып, жуынып, жұпар иіс себініп, айт намазына мешітке барудың сауабы өте көп. Сонымен қатар, туған-туыстарды, аурусырқауларды зиярат ету ізгі амалға жатады. Ораза айтқа дейін жиналған пітір-садақалар мұқтаж адамдарға таратылып, көмек-қолдау көрсетіледі. Ал бала-шағаға сыйлық үлестіріп, айттық алып берудің маңызы зор. Өйткені, осы күні сыйлық алған бала келесі мерекені қуанышпен тағатсыздана күтетін болады. Сондай-ақ, айт күні ренжіскен кісілермен татуласып, көрші-қолаң, досжарандармен бауырмалдықты арттырған жөн. Себебі, Жаратушы Иеміз «Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр» деп кешірім жолын ұстануға бұйырған. Әбу Ханифа мәзһабында Ораза айт намазына қатысу әрбір мұсылманға – уәжіп. Айта кетейін, биыл Сыр өңірі бойынша Ораза айт намазы 21 сәуір күні сағат 06.30-да оқылады.

Әбдіхалық қажы НАМЕТОВ,
Жаңақорған ауданының бас имамы
18 сәуір 2023 ж. 359 0