№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 18 жасқа дейінгі балаларға ортодонтиялық көмек МӘМС есебінен көрсетіледі

18 жасқа дейінгі балаларға ортодонтиялық көмек МӘМС есебінен көрсетіледі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалына МӘМС жүйесіне, медициналық көмектің сапасына қатысты өзекті мәселелермен тұрғындар жүгінеді. Ерекше бақылауда – кішкентай пациенттердің құқықтарын қорғау.
Фото

Қызылорда тұрғыны Гүлжауһар Нұрекеева көмек сұрады. Немересі ерін мен таңдай жырығымен дүниеге келген. Үш айлық Айзердің ата-анасына ортодонт дәрігерінің кеңесі қажет. Алайда, тұрғылықты жері бойынша емхана дәрігерлері тиісті жолдама бермеген.

Бұл мәселені шешуге ӘМСҚ-ның облыстық филиалының мамандары қосылды. Ата-аналарға жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балаларға МӘМС қызметтерінің қандай түрлері қолжетімді екендігі түсіндірілді.


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сұрақтарыңызбен мына мекен-жайға жүгіне аласыз: Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі, 32, байланыс телефон нөмірлері: 8 /7242/ 55 10 16, 55 10 17.


18 сәуір 2023 ж. 215 0