
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 1909 жылы Петерборда басылған жинағы Сыр өңіріне қалай жетті?
Абайдың әдеби мұрасын (өлеңдері мен қара сөздерін) жинақтап, бастыру ісімен ұлы ақын дүниеден озған соң інісі Кәкітай мен баласы Тұрағұл айналысады. Ақын көзі тірісінде өз шығармаларын кітап түрінде жинақтамағаны мәлім. Өлеңдері ел аузында жатталып, ал қолжазбалары толық сақталмаған. Сондықтан да ақын...