№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Дәрігер дәруі

Дәрігер дәруі


АБЫРОЙЛЫ АСҚАН БЕРДІҰЛЫ НЕГЕ БАҒАЛАНБАЙДЫ?

Риясыз райымды қасиетті Рамазан айы қостағандай болды. Біз бүгінгі борышты кешірімді, құрметтеуге тиісті ниетпен бастағанымыз абзал. Жер бетінде алшаң басып, елдің ішінде тірі жүргенімізге шүкіршілік еткеннен асқан бақыт жоқ.Жаңақорған жұрты 2020 жылдың оқыс оқиғасын әлі ұмыта қойған жоқ. Ұмытылмауы да тиіс. Талай жайсаңнан бір сәтте айырылып қалып жаттық. Үміт пен күдік айқасқан екі жол ғана бізге анық еді. Таңдау – біреу, әркім отбасында оқшау отыруға мүдделі болды, солай жасауға ел көнді. Көше де, көлік те бос қалды. Көпшілік шара шарасыз тоқтады. Бәлекеттің беті бері қайта бастағандай болды. Үміт жеңе бастады. Бұған қуандық. Дертпен алысқан дәрігерлерге мүсіркей емес, мейіріммен қарай бастадық. Алтыннан артық бір өмірдің аман қалғанын тіледік, сол үшін күн-түн демей аянбай алысқан ақ халаттыларға сендік.Бөле жарғаным емес, дәрігер-эпидемиолог Асқан Отарбековтың еңбектегі ерлігін ел ерекше бағалады. Ол отбасынан гөрі жан азабын тартқан тағдырдың түзелуін бірінші кезекке қойды. Науқастардың жанында табылды, ауру жұқтырам деп жасқанбады, ем-дом жасауға барынша атсалысты. Әрине, оттың ортасында жүргенді жалын шарпиды, өзі де меңдеген мұздай дерттен мұрттай ұшты. Жаны қыл ұшында тұрып, өзгенің тағдырына араша болғысы келді. Нағыз батылдық, жанашырлық, сезімталдық қасиетінен таңбады. Міне, біз нағыз патриотты алыстан іздемей, арамызда жүрген азаматтан көрмейтінімізді кеш ұғынамыз.Асқан Бердіұлы аурудан айыққан бойда қарбалас қызметіне қайта кірісті. Бір басын ойласа, өзгенің жайына өгей көзқараспен қарады деген елде пікір қалыптасады, енді тағы да белді бекем бууға тура келді. Ол солай жасады да. Ақыры ауруды ауыздықтауға мүмкіндік туа бастады. Лық толы палатада жатқандар дерттен айығып, денсаулығын түзеп жатты. Бұған қуанып, есіл еңбек еш кетпеді деп шүкіршілік еттік. Жанындағы әріптестері - дәрігерлер, медбике, тазалықшылар бір үйдің адамындай, жұмса - жұмыр жұдырық, ашса - аялы алақан бола білді. Сөз бен істің үйлесімі нәтижесін берді.Өткен жылдан бері короновирусқа қарсы екпе жұмыстары жанданды. Тағы да Асқанның араласуы, қоғамды қауырт жағдайдан арашалауға қарқынды күрес жүргізді. Қазір қалыпты жағдайға келді, ал, жұмыс күшейтілген режимде атқарылып жатыр.Мен оны іздеп арнайы емханаға бардым. Қызу жұмыс үстінде екен, аз-кем тілдесуге мүмкіндік алдым.-Дәрігер ретінде еңбек өтілім 37 жыл болыпты. Ал, аудандық емханада 6 жылдан бері еңбек етемін. Жаңақорған ауданы медицина қызметкерлерінің короновирус инфекциясының алдын алудағы, оның ішінде ұжымдық иммунитет қалыптастырудағы жұмыстары ұшан теңіз. Біз 2020 жылдың 5 наурызынан бастап 18 жастан асқандарды короновирусқа қарсы екпе егіп, бүгінгі таңда 39078 адам вакцинаның бірінші компонентін алды. Мұнан соң 39717 адамға вакцинаның екінші компоненті егілді. Енді екінші компонентін алғандар алты ай мерзім өткен соң кезең-кезеңімен ревакцинация алуға тиісті. Қазір осы бағыттағы жұмыстар өз жүйесін тапқан, ол талапқа сай жүргізілуде.Аудан халқының ересек тобымен қатар 2021 жылдың 17 қарашасынан бастап 12-17 жастағы балалар мен жасөспірімдер, 16 мен 37 апталық жүктілік кезіндегі әйелдер, тағы басқа азаматтар, тиісті екпе жасаушылар үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру бағытындағы коронавирусқа қарсы іс барысы нығайтылды.Әрине, алғашқы кезде түрлі сарындағы кері насихат салдарынан екпе жүргізу өте өзекті болды. Жергілікті атқарушы билік, ауыл-кент әкімдігі өкілдері, жалпы, медицина қызметкерлерінің ұдайы түсіндірме жұмыстарының арқасында іс оң нәтижесін берді. Бір жағынан халық екпенің тиімділігі мен пайдасын түсінді және сезінді. Осының арқасында коронавирус инфекциясының аурушаңдығы, эпидемиялық ахуалдың төмендеуі көрінді. Бұл жерде әрбір аймақтық дәрігерлер мен медбикенің жанкешті жұмысын айрықша атау керек. Сонымен қатар ауданаралық аурухана ұжымының коронавирусқа қарсы күресті ұйымдасқан түрде жүргізуі, оның ішінде вакцинация мәселесінде ешқандай енжарлық болмауы өз жемісін берді. Мұнан бұрыңғы басшылар да барынша ұйымдастыра білді, қазір ұжымның бас дәрігері лауазымына тағайындалған білікті дәрігер Сәкен Үсейіннің қызметке келуі де жұмысты онан сайын жандандыруға жол ашты, - дейді Асқан Отарбеков.Асқан аз айтып, семіз шығатын шебер дәрігер. Отыз жылдан аса уақыт медицина саласына қалтқысыз қызмет жасап, оның үстіне ауданда қалыптасқан ауыр кезеңдерде өзінің біліктілігін, тәжірибесін көпке көрсетіп, адам факторын аман алып қалуға атсалысқан ерен еңбегі ерекше. Бір өкініштісі, оның озық еңбегі әлі еленбей келеді. Дәрігерді демей алмаған тиісті орындарға көңілім пәс түсті.
04 сәуір 2022 ж. 320 0